Глоссарий Авария (Апат) - файл
приобрестискачать (51.1 kb.)
Глоссарий
Авария (Апат)- қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы.
Адам үшін қауіпсіз жағдайлар- бұл оның факторларының адамға зиянды әсер ету қаупі жоқ тіршілік ету ортасының жағдайы.
Адам өмірінің қолайлы жағдайлары- тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсері жоқ (зиянсыз жағдайлар) және адам ағзасының бұзылған функцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жағдайы.
Адамға зиянды әсер ету- адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе болашақ ұрпақтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін қоршаған орта факторларының әсері.
Аккредиттеу- аккредиттеу органының жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануы.
Гигиеналық норматив- тіршілік ету ортасының қандай да бір факторын оның қауіпсіздігі және (немесе) адам үшін зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштің зерттеулермен белгіленген жол берілетін ең жоғары немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні.
Діріл- кез келген дененің ауырлық центрінің тепе-теңдік жағдайынан мерзімді жылжуы кезінде, сондай-ақ оның статикалық күйіндегі дене пішінінің мерзімді өзгеруі кезінде пайда болатын күрделі тербелмелі процесс.
Глоссарий
Авария (Апат)