Дипломный проект - Организация сети связи стандарта CDMA в Шетском районе Карагандинской области - на казахском языке - файл n1.doc

Дипломный проект - Организация сети связи стандарта CDMA в Шетском районе Карагандинской области - на казахском языке
скачать (1591.9 kb.)
Доступные файлы (12):
n1.doc820kb.05.06.2011 22:14скачать
n2.doc213kb.05.06.2011 22:01скачать
n3.doc333kb.05.06.2011 21:03скачать
n4.doc210kb.05.06.2011 21:42скачать
n5.doc171kb.05.06.2011 21:50скачать
n6.doc125kb.05.06.2011 21:46скачать
n7.doc340kb.05.06.2011 17:11скачать
n8.doc335kb.05.06.2011 17:15скачать
n9.doc51kb.05.06.2011 21:14скачать
n10.doc82kb.05.06.2011 20:05скачать
n11.doc35kb.05.06.2011 20:14скачать
n12.doc26kb.05.06.2011 19:33скачать

n1.doc


1 Жоба тақырыбы бойынша аналитикалық зерттеулер мен техникалық шешімдер



1.1Дипломдық жобаның есебі
Елбасымыз бен үкіметіміздің жыл сайынғы жолдауларына және де басқа құжаттарына сәйкес, ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, жаңа заман талабына сай инфрақұрылым объектілерін түзу сияқты сұрақтарды шешу телекоммуникация саласындағы, әсіресе ауылдық жердегі телефон байланыс желісін дамытпай жету мүмкін еместігі баршаға аян.

Осы күре тамыр болып табылатын саланың даму тенденциясын талдап және елімізде жүргізілген зерттеулер негізінде, осы дипломдық жобада Қарағанды облысының Шет ауданында сымсыз технология негізінде телекоммуникация желісін ұйымдастыру қарастырылады. Ол үшін перспективті технологияны таңдап және келесі жұмыс түрлерін жүргізу қажет:

-Жоба енгізілетін аумақтың ерекшеліктерін ескеретін қысқаша сараптама;

-Жоба ендірілетін телекоммуникациялық кәсіпорын мен оның желісіне қысқаша сараптама жүргізу;

радиоқатынау жүйесіне талдау жүргізу;

өнімдеріне қысқаша шолу жасап, тиімді жабдық типін таңдау;

есептеу;

-Жобаның іске асуына қажетті тіршілік қауіпсіздігі сұрақтарына тоқталу;

-Жобаның техника экономикалық көрсеткіштерін анықтайтын бизнес-жоспар құру.


1.2 Аумақтың қысқаша сипаттамасы
Шет ауданы - Қарағанды облысында орналасқан (1928 ж. құрылған). Қазіргі аудан орталығы – Ақсу-Аюлы елді мекені (облыс орталығынан 160 км орналасқан). Ауданның көлемі- 65694 шаршы км. Аудан халқының саны- 48500 адам (2009 ж.). Ауданда 8 елді мекендік (поселкелік) және 17 ауылдық округ бар. Ауылдардың жалпы саны – 74.

Өлке тарихи-мұражайларға өте бай. Табиғаты қатаң болып келгенмен аңшылықты дамытуға қажетті алғы шарттар бар. Аудан негізінен ауылшаруашылығына негізделген, бірақ соңғы кезде балық шаруашылығы да жақсы дамып отыр.

Экономикалық жағынан жоғарыда айтып өткендей аудан ауылшаруашылығына негізделген. Оның ішінде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Өндірістік орындарға келсек, негізінен орта және кіші бизнес объектілері дамыған, атап айтсақ: біріккен кәсіпорын саналатын «Nova-Цинк» ЖШС, «Алаш» ЖШС, «МеталлтерминалСервис» ЖШС, «Нұрдаулет» ЖШС және т. б. Жоғарыда көрсетілген өндіріс орындарының көпшілігі пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, тасымалдау сияқты жұмыстармен айналысады. Аудан территориясы осы саланы дамытуға зор потенциальы бар, яғни табиғи қазбаларға өте бай. Сонымен қатар аудан экономикасын дамытуда ауданды екіге жарып өтетін теміржолдың да алатын орны зор. Стратегиялық маңызы зор теміржол бойында тұратын елді мекендердің халқының көпшілігі жұмыспен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Халықтың әл-ауқатына келсек жылдан-жылға жақсаруда, аудан халық негізінен тұрақты, сыртқа миграция өте төмен (2000 жылмен салыстырғанда). Қайта соңғы жылдары ауданға қоныс аударушылардың саны артуда.

Халықтың өмір сүруіне қажетті барлық нысандар, атап айтқанда денсаулық мекемелері, білім ошақтары, мәдени орындар салынуда. Жаңадан іске қосылып жатқан нысандар халықтың санының артқанын көрсетеді.

Халқы құрамына келсек негізінен жергілікті халық өкілдері құрайды, олардың үлес салмағы- 87,8%. Төмендегі кестеде аудан территориясында орналасқан елді маекндер мен олардағы адамдар саны келтірілген (кесте )
Кесте Ауданның әкімшілік-территориялы бөлінуі



Елді мекндік және ауылдық округтер атауы

Орталығы

Ауылдар

саны

Елді

мекендер саны

Әр елді мекен мен ауылдық округтер бойынша адамдар саны

1

Ақсу-Аюлы

Ақсу-Аюлы

4




5300

2

Ағадыр

Ағадыр

2

1

10255

3

Ақжол

Ақжол

1

1

4040

4

Ақшатау

Ақшатау

2

1

1690

5

Батық

Батық

1




840

6

Бұрма

Бұрма

2




1500

7

Босаға

Босаға

2




1000

8

Дария

Дария




1

850

9

Талды

Талды

3




1140

10

Нұрталды

Қошқарбай

5




1870

11

Жарық

Жарық




1

3862

12

Жамбыл

Жамбыл




1

150

13

Қайрақты

Қайрақты

1




1069

14

Мойынты

Мойынты




1

2350

15

Ақшоқы

Қызылтау

2




701

16

Киікті

Киікті

1




975

17

Көктенкөл

Көктенкөл

5




1400

18

Кеңшоқы

Нұра

1




880

19

Красная поляна

Красная поляна

4




1330

20

Ортау

Ортау

3




630

21

Қызылтау

Қызылтау

1




380

22

Ақой

Ақой

1




744

23

Тағылы

Жұмыскер

3




1020

24

Успен

Успен

4




2090

25

Шет

Шет

4




1003


Ауданның картасы осы жобаның түсіндірмелі-жазбахатының соңында берілген [Қ.А].

1.3 Шет ауданы телекоммуникация желісінен қысқаша сипаттама
Шет ауданының негізгі телекоммуникациялық қызмет көрсететін оператор «Қазақтелеком» АҚ төменгі құрылымы болып табылатын аудандық телекоммуникация торабының ғимаратты 1975 жылы салынды. Бұл ғимаратта АТС, линиялы - аппараттық зал (ЛАЗ), телеграф және сөйлесу пункті, сонымен бірге басқару аппараты жәнеде басқа қызметтер түрлері орналасқан.

«Қазақтелеком» АҚ-ң құрылымдық бөлімі болып табылатын аудандық телекоммуникациялар торабынынан (АТТ) басқа, аудан орталығында және үлкен елді мекендермен, маңызды автожолдар бойы GSM стандартты ұялы оператордың барлығы жұмыс істейді (байланысымен қамтылған). Ал, шеткері орналасқан елді мекендер ұялы байланыспенен қамтылмаған. Теміржол бойы орналасқан маңызды станцияларда «Транстелеком» АҚ қарасты желі дамуда.

Шет телекоммуникациялық торабында (АТТ) орнатылған орталық станция (Ақсу-Аюлыдағы) түрі – Si2000 2006 жылдан бері қолданыста. Бұл АТС-тің жалпы сыйымдылығы -2200 нөмір. Негізгі жұмыс істеп тұрған абоненттер саны - 2175.

Линиялы-аппараттық залда (ЛАЗ) ауылдық және қалааралық байланыс аппаратурасы, арналарды тығыздау аппаратурасы қойылған. Қалааралық байланыс оптикалық кабель көмегімен STM-1 жабдығымен іске асырылады.

Телеграф жайында компьютерлендірілген электрондық телеграфты аппараттар қойылып және факсимильді байланыс орнатылған.

Шет ауданының желісі негізінен Si2000, М-200 типті цифрлы АТС-тан тұрады. Бірнеше елді мекендерде АТСК 50/200 әлі жұмыс істеп тұр. Ауылдық телефондық желі бір сатылы сызбанұсқа арқылы құрылған. Мұндай, яғни радиалды құруда - шеткі станция тікелей орталық станциямен байланысады. Шеткері станциялар орталық станциямен КСПП 1х4х0,9 типті біртөрттік кабельмен және әуелік байланыс жолдары көмегімен жалғанған. Арналдарды тығыздау және мәліметтерді тарату үшін ИКМ-15, ИКМ-30С, ИКМ-30, ЛВК-12 КНК-12 аппаратуралары қолданылады. Төменгі кестеде (1.1) Шетке қарасты ауылдық телефон желісінің (АТЖ) туралы мәліметтер келтірілген.

1.1 кесте – Шет ауылдық телефон желісі туралы мәліметтер


Елді мекен

атауы


Станция түрі

Сыйымдылығы,

нөмір


Станция аралық байланыс жол түрі


Тарату (тығыздау) жүйесі

Ақсу-Аюлы

Si2000

2200

ОК, Ресей

STM-1

Ағадыр

Si2000

5000

ЦРРБЖ

«Pasolink Nec»

Ақжол

Si2000

1500

ЦРРБЖ

«Pasolink Nec»

Ақшатау

М-200

170

КСПП1х4х0,9

ИКМ-30С

Батық

М-200

150

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15

Бұрма

М-200

300

КСПП1х4х0,9

ИКМ-30

Босаға

М-200

185

КСПП1х4 х0,9

ИКМ-15

Дария

АТСК 50/200

200

БСА (4мм)

ЛВК-12

Талды

М-200

185

КСПП1х4 х0,9

ИКМ-15

Нұрталды

АТСК 50/200

190

КСПП1х4х0,9

КНК-12

Жарық

М-200

120

КСПП 1х4х0,9

ИКМ-15

Жамбыл

-

-

-

-

Қайрақты

АТСК 50/200

190

КСПП1х4х0,9

КНК-12

Мойынты

М-200

500

КСПП1х4х0,9

ИКМ-30

Ақшоқы

-

-

-

-

Киікті

АТСК 50/200

200

БСА (4мм)

ЛВК-12

Көктенкөл

М-200

150

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15

Кеңшоқы

АТСК 50/200

190

КСПП1х4х0,9

КНК-12

Красная поляна

М-200

150

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15

Ортау

-

-

-

-

Қызылтау

-

-

-

-

Ақой

-

-

-

-

Тағылы

АТСК 50/200

190

КСПП1х4х0,9

КНК-12

Успен

М-200

500

КСПП1х4х0,9

ИКМ-30

Шет

М-200

240

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15


Ескерту: Кестеде көрсетілген елді мекендердің көпшілігі телефондандырылмаған.
Енді осы ауданда жұмыс істеп тұрған коммутациялық және де басқа жабдықтардың ерекшеліктеріне тоқталсақ.

АТСК 50/200 станцияның ең жоғары сыйымдылығы – 200 нөмір. Шекті станция жабдығы төрт тағаннан тұрады. Әр тағанда сиымдылығы 50 нөмір болатын абоненттік блок орналасқан. Әр блокқа 30 жеке абоненттік линия және 10 қосарланған телефондық аппараттар линиясын қосуға болады. Шкафтың типті тағанның биіктігі 2260 мм, орта бөлігіндегі ені 782 мм, тереңдігі 434 мм. Станция үш таңбалы және бес таңбалы абоненттік регистрлармен жабдықталған. Басқа АТС-тармен өткізгіштік физикалық линиялармен немесе ТЖ арналарымен байланысады. АТСК 50/200 станциясы АТСК 100/2000 бірге жұмыс істейді. Бұл станцияда да бір жақты байланысты бұзу жүйесі қолданылады. Станция кабельдік және әуелік абоненттік және қосқыш линияларды қосуға есептелінген. АТСК-50/200 станциясы күнделікті қызмет көрсетуді талап етпейді. Құрылғыларды дистанционды тексеру қарастырылған. Станцияның қоректену кернеуі U=60 В.

Желідегі көпшілік цифрлы АТС-лар бірыңғай М-200 типті. Бұл АТС-лар Ресейдің МТА компаниясы шығарған, жаңа заман талабына лайықталып жасалған мультисервистік жүйе. М-200 ауылдық, қалалық телефон және ведомстовалық желілерде қолдануға болады.

М-200 – модульді, әмбебап цифрлық телекоммуникациялық жүйе болып табылады. Бұл қолданушыларға коммутация және дауыстық хабарлама мен деректерді беру бойынша толыққанды қызмет түрін береді. Оның негізгі ерекшелігі- тарамдалған байланыс желісін құру мүмкінділігі. Мұндай мүмкінділік оны жұмысқа пайдалану мен тұрғызу кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді.

М-200 жүйесінің негізгі функцияларына төмендегілер жатады: станцияның өз абонеттері арасында қосылысты түзу; станцияның абонеттері мен АТЖ-ң және ҚТЖ-ң абоненттері арасында қосылысты түзу; желіге жататын ведомствалық АТС-ң абоненттері арасында қосылысты түзу; қалааралық және халықаралық, аймақтық желілерге шығуды қамтамасыз ету; АТЖ-ң, ҚТЖ-ң қала маңы желісінен арнайы қызмет түрлеріне шығу жәнеде тағыда басқа қызмет түрлері.

М-200 жабдығының сенімділігі төмендегілермен қамтамасыз етіледі: жүйенің кейбір бөліктерінің конструктивті және сұлбалық сенімділік, сонымен қатар бүкіл жүйе көмегімен қамтамасыз етіледі; жүйеде кездесетін істен шығу фактілерін (95 %- ға дейін) бөлектеп, анықтап, алдын-ала диагностика жасау арқылы арнайы бағдарлама көмегімен іске асырады; жүйенің негізгі, аса маңызды бөліктерін, торабтарын резервтеу және қосарландыру. Сонымен қатар, істен шығу кезінде оның жұмысқа жарамдылығын автоматты түрде қамтамасыз ету.

М-200 жүйесі келесі қасиеттерге ие: әр түрлі сыйымдылықты модельдер қатары; конструктивті платформаның біртұтастығы; басқа аналогты және цифрлы АТС-мен жұмыс істеу мүмкінділігі; оперативті-диспетчерлі цифрлы байланысты ұйымдастыру мүмкінділігі; цифрлы АТС-ды алыстан қол жеткізуді ұйымдастыру және т. б.

М-200 сәулетіне келсек- ол модульді түрде құрылған, орталықтандырылмаған бағдарламалы басқару, жұмысқа техникалық пайдалану орталықтарын құру мүмкіндіктерінің болуы.

SI-2000 коммутациялық жүйесін IskraTEL (Словения) фирмасы шығарады. Негізінде SI-2000 цифрлық станциясының екі нұсқасы бар, олар: V 4.4 и V 5.

Біздің еліміздің аудандық орталықтарында көбіне SI-2000 V5 орнатылған, алайда SI-2000 станциясының V 4.4 нұсқасыда кеңінен таралған.

SI-2000 – қазіргі заманға сай автоматтандырылған көп модулді тарамдалған түрде басқаратын жүйе.

SI-2000 станция жүйесі барлық негізгі телефондық қызметпен қамтамасыз етеді (жергілікті, шығыс, кіріс, транзиттік қосылу), сонымен қатар қосымша қызметтер (соңғы терілген нөмірлердің қайталануы, АЖ декадтты\жиілік жиынтығымен бірге, кіріс\шығыс байланысына тыйым салу, конференц байланыс, абонетті тапсырыспен шақыру және де т.б.).

Жүйеде аналогтық және цифрлық сигналдаудың кең спектры әзірленген. SI-2000 телефондық станциясында цифрлық сызықтық жинақпен қатар аналогтықтық жинақ бар, ол аналогтық жалғау тізбегін түйістіру мәселесін шешеді.

SI-2000 негізінде АТЖ-нен ҚАТС-на дейінгі, сонымен қатар кеңселік АТС және ведомствалық жүйесінің барлық деңгейдегі сенімді байланыс ұйымдастыруға болады.

SI-2000 негізінде: ҚАТС; ҚТЖ-ң торабтары мен ИҚЦЖ; кіші станциялар (ішкі станциялар); қалалық АТС (ҚАТС); кеңселік АТС (КАТС); АТЖ-ң орталық сатанциясын, торабтық станциясын, шеткері станциясын құруға болады.

Барлық жүйе модульдері коммутациялық модульде орналасқан және басты импульстық тактылы генератор жүйесінен синхронизацияланады.

Станцияның сенімділігін қамтамасыз ету үшін коммуникациялық модуль (айырып-қосқыш тобы) толығымен қайталанған.

SI-2000 – бағдарламаланып жазылған басқару принцпі бойынша жұмыс істейді. Бағдарламалауды қамтамасыз ету жүйесі магниттік таспада сақталған, ал станцияны қосқан уақытта, бағдарламалауды сақтау құрылғысына жүктеледі. Бұл қызмет әкімшілік модулімен орындалады, яғни барлық жергілікті жүйе мен әкімшілік басқаруды байланыстыру үшін арналған.

Енгізу-шығару құрылғысы (жергілікті телетайп және/немесе ОМС), жүйемен байланысты қамтамасыз етеді, ADM модуліне қосылады.

Тарификация қызметі мен тарифтік көрсеткішті сақтау коммутациялық модуль көмегімен орындалады. Тарификациялық модуль жинақталады және барлық телефондық станцияның тарифтік мәліметтері сақталады және белгілі бір уақыт аралығында магниттік таспаға жазылады.

Жүйенің сенімді жұмыс істеуіне себеп: жоғары сапалы элементтік базасы, дизайн сапасы, бөліп басқарылуы, электр тұтұнуы төмен және элементтердің шоғырлануының жоғарғы дәрежесі.

ИКМ-15 аппаратурасы ауылдық АТС-тар арасындағы қосқыш линияларды ұйымдастыру үшін және КСПП типті бір төрттік (1х4) кабельдерді тығыздау үшін қажет. ИКМ-15 сипаттамасы: ТЖ (тональды жиіліктегі) арналар саны -15; қызмет көрсетілмейтін (РП) регенерациялық пункт саны -7; бөліктің максимальды ұзындығы -7,2 км; байланыстың максимальды қашықтығы -50 км; дискретті хабарды тарату үшін канал саны-2; регенерация бөлігінің жарты тактілік жиілікте 352 кГц, тұрақты өшуі 37 дБ болады.

ИКМ-15 жабдығын электр қоректендіру үшін станциялық батареялар көмегімен (60 В) жүзеге асырылады. Сонымен бірге аппаратура дыбыстық тарату арнасын ұйымдастыру және дискретті ақпаратты тарату мүмкіншілігін де қарастырады.

ИКМ-30С және ИКМ-30 аппаратураларының ИКМ-15 жабдығынан айырмашылығы – арна саны -30. Екеуі де алғашқы сандық жүйелерге жатады.

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия) және ATM. Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH, SDH кең қолданыс тапқан.

Синхронды оптикалық-талшықты желілердің стандартталуының қажеттілігі тек плезиохронды желілердің кемшіліктері анық болған кезде және SDH үшін жабдықтарды өңдеу мен ендіру толығымен жүріп жатқан кезде туды. Осыған сәйкес ауданды облыс орталығымен қосатын жүйе Алкатель фирмасының STM-1 жабдығы болып табылады. Ол SDH иерархиясының ең төменгі жылдамдықты мультиплексоры болып табылады.

SDH иерархиясының тарату салыстырмалы жылдамдықтары 1.2 кестеде келтірілген.
1.2-кесте - SDH-иерархиясының тарату жылдамдықтары

SDH деңгейі

Мәліметтер тарату жылдамдығы,

Мбит/с

STM-1

155,520

STM-4

622,080

STM-8

1244,160

STM-12

1866,240

STM-16

2487,320


Сонымен қатар, АТЖ-де ЛВК-12, КНК-12 аналогты тығыздау жүйелері де қолданылады, бірақ олардың үлес салмағы аз. Алғашқысы әуелік байланыс жолдарын, ал КНК-12 кабельді тығыздау үшін қолданылады. Қазіргі таңда мұндай жабдықтар шығарылмайды, заман талабына сай емес, моральды және физикалық тозығы жеткен.

Аудан желісінде кабельдік желіден басқа РРБЖ-да қолданыста, атап айтқанда «Pasolink Nec» байланыс жүйесі жергілікті желілерде сапалы байланыс жүйесін құруға, қазіргі байланыс желілерінің толық мүмкіншілігін қолдана отырып, соңғы тұтынушыларға жеткізуге болатын таржолақты радиорелейлік комплекс. Сонымен қатар бұл комплекс пункттер арасында цифрлы байланыс құра отырып 7 /8 /13 /15 /18 /23 /26 /28 /38 ГГц жұмыстық диапозандарға жұмыс істейді. Бұндай жүйенің өмірге келуі қазіргі кезде ақпарат тарататын цифрлы қызметке сұраныс артуына байланысты өсіп отыр. «Pasolink Nec» кешені байланыс жолдарын құруда, жалпы тасымалдаушысы бар клиенттерге кіріс енгізу үшін, корпоративті байланыс линиясын түзу, жергілікті қалалық және ауылдық байланыс орнату үшін, сонымен бірге уақытша желіні құру, немесе апат кезінде байланыс жолдарын құру үшін кеңінен қолданыс тапты. Бұл кезде телефон және ақпараттарды еркін таратуға болады.
1.4 Телефон желісін жетілдірудің қажеттілігі
Жоғарыда айтылғандай Шет ауданының және осы телефондық желіге қарайтын АТС-дың көпшілігі координаттық станциялардан тұрады. Көп жылдық пайдалану нәтижесіндегі АТСК 50/200 типті осы жүйелердің келесі сипаттамалық кемшіліктері белгілі болып отыр: іздеу механизмінде қозғалатын бөлшектер мен детальдардың қажалғандығы. Сондықтан әдеттегі жөндеуге қосымша шығындар керек болады және қызмет ету мерзімін төмендетеді; түгелімен АТС жүйелері тез іс-әрекеті төмендететін қозғалатын бөлшектердің үлкен инерциялық массалары; үлкен габариттер және құрылғының жоғарғы металлды сыйымдылығы; өлшеу аспаптардың қажалуы АТС-тегі барлық жүйелерінің жұмыстары тоқталуына әкеліп соқтырады; аккумуляторды ауыстыруды талап етеді; заман талабына сай қосымша қызмет түрлерінің жоқтығы.

Коммутациялық жабдықтардан басқа, ауылдық телефондық желіде станцияаралық бағыттарда арналар санының аз екенін, және абонентердің станциялардан алшақ орналасқанын ескерсек, бұл желіні жетілдірудегі ең тиімді шешім болып, Қазақстанда ауылдық елді мекендерді телефондандыру мақсатында кең қолданылып жатқан CDMA 450 МГц стандартын қолдану болып табылады. Осы стандарт көмегімен тез және аз шығындар жұмсап, заман талабына сай желі тұрғызуға болады.



1.5 Радиоқатынау желісінен мағлұматтар



Орыс ғалымы А. С. Поповтың (1895 ж.) радионы ойлап табуынан бастап радиобайланыс ғылыми-фантастикалық абстракциядан, тар аумақты мамандардың қызығушылығын тудыратын, қолданбалы тапсырманы шешетін күшті құрылғы мемлекеттік, сонымен қатар тұрмыстық деңгейге айналды. Аздаған уақыт аралығында радиобайланыс құралы әрбір адамның өміріне тығыз енді, нақты бір орынға байланысыз ақпаратты алуды және айырбастауды қамтамасыз ету, қазіргі заманға сай ақпараттық желі және ақпаратты беру жүйесі интеграцияланған.

Қазіргі уақытта радиобайланыс ақпаратты кызмет көрсетудің толық спектірін өткізуге мүмкіншілік береді: телефон ақпаратын беру, мәліметтерді алмастыру, шартарапты ақпаратты желіге қосу, видеобейнені алу және тарату, теледидар және т.б. Радиобайланыс желісі байланысты кеңейтуге және толықтыруға, еркін жылжытуға мүмкіншілік береді, кейбір жағдайларда ақпаратты алмастырады. Сонымен, радиобайланыс құралын қолдану біртұтас ақпараттық кеңістікті іске асырады, жер шарының кез келген нүктесінде және кез келген уақытта қажетті (төленген) байланыс түрін алуға мүмкіншілік береді.

Радиобайланыстың қоғамда және техникада рөлі үнемі өсіп отырады: техникалық объектіні басқарудың жоғары тиімділік жүйесі, өндірістік, технологиялық және басқа үрдістермен құрылады. Радиобайланыс технологиясы жуық шамамен 3-5 жылда бір рет ауыстырылып отырады. Радиобайланыс жүйесінің жіктелуі үлкен, тұрақты өсуді қосады, қызмет түрлерінің санымен, белгіленуімен және сипаттамасымен ажыратылатын, барлығын қанағаттандыратын, адамның өзіндік қажеттілігін қамтамасыз етеді [Қ.Ә.].

Радиобайланыстың ерекшеліктері, желіге кіретін абоненттік құрылғылар және коммутаторлар арасында сымның болмауы. Радиобайланыстың ерекшеліктері, желіге кіретін абоненттік құрылғылар және коммутаторлар арасында сымның болмауы, «интелектуалды үй», кеңсе жобаларында радиобайланысты ауыстырылмайтын құрал етеді. Адамзаттың болашағы кеңсе ішінде сымсыз байланыс жолын қалыптастыруда. Сымсыз құрал коммуникациясы жылуды, электрэнергияны үнемдеуге мүмкіншілік береді, адамның жеке үйде ыңғайлы және қолайлы ақпараттық кеңістікте болуын қамтамасыз етеді, мұндағы барлық тұрмыстық құрылғылар біркелкі сымсыз ақпараттық желіге қосылған.

Радиоқатынау жүйесінің дамуы – күрделі және көпжобалы үрдіс. Бірінші радиоқатынау жүйесі халыққа телефон байланысына қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандыруды өсірумен байланысты, сымнан «үзілу» және сымды байланыс жолын төсеу қиыншылықтары. Қазіргі уақытта радиобайланыс жүйесіне бірнеші саты енеді және телефон байланыс қызметің, мәліметтерді және телематикалық қызметтерді беруге мүмкіншілік береді.

ЖҚТфЖ – жалпы қолданыстағы телефон желісі; ЖҚ МТЖ– жалпы қолданыстағы мәліметтерді тарату жүйесі; ЖҚЖ – жалпы қолданыстағы желі.

Бірінші саты (1960 ж.) аналогты қатынау құрылғысы аналогты АТС. Көбінесе бұл тар жолақты жүйе, бірнеше ондаған немесе жүздеген телефон арналарын қосуға мүмкіншілік береді. АТС аралығында радиоұзартқыш байланыс жолын (2.2, а-сурет) және телефон аппараттарын (ТА) немесе сымсыз телефон аппараттарын қолданады (СТА) (2.2, б-сурет).


БРБ – базалы радиоблок; РстА, РстСт – абоненттік радиостанса, стансалы; ЖҚТфЖ – жалпы қолданыстағы телефон.
2.2 сурет - Телефон арналарының радиоұзартқышы (а) және

сымсыз телефон аппаратының (б) құрылымдық сұлбасы
Аналогты радиоұзартқыш жиілік аясы 1ГГц-қа дейін. Қазіргі уақытта олар аз тұрғынды ауылдық өлкелерде пайдаланылады.

1960-жылдардың өзінде-ақ радииоқатынау жүйесі жалпы қолданыстағы жүйеге бір базалы станса (БС) арқылы немесе орталық стансаға (ОС) тәуелсіз қосылуға мүмкіншілік берді.

Бірінші сатыға радиоқатынау жүйесін және СТА 30...40 МГЦ аясында және 900 МГЦ жатқызуға болады.

Радиоқатынау жүйесінің екінші сатысы (1980ж.) сандық және аналогты АТС-қа тар жолақта сандық радиоқатынау жүйесі (2.3 - сурет), олар сөзді тарату және мәліметтерді тарату сапасына талаптардың өсуінен пайда болған.

Сөзді тарату сапасы ISDN желілерінің сапасына қатысты, мәліметтерді тарату жылдамдығы қысқа - 64 кбит/с. Жалпы қолданыстағы жүйеге қосқанда аналогты, сандық стансаларда стыктар қолданыс тапты. Жалпы радиоқатынау жүйесінің екінші сатысы жоғары сапалы телефон жүйелерін құруға бағытталған. Мәліметтерді тарату қосымша ретінде қарастырылды, компьютерлік жүйелердің күшінің дамымауы және мәліметтерді тарату жүйесінің аздаған қолданысы қызмет көрсетудің негізі емес. Сандық және аналогты АТС-қа тар жолақта сандық радиоқатынау жүйесі 2.3 – суретте көрсетілген.

ЖҚТфЖ – жалпы қолданыстағы телефон желісі; ОС – орталық станса; АҚ – абонент құрылғы.

2.3 сурет - Радиоқатынау жүйесінің екінші сатысының құрылымдық сұлбасы
Бұл сатыға сонымен қатар DECT және СТ-2 стандарттар жүйесі қатысты, олар терминалдарды сандық телефон қызметімен қаматамасыз етеді.

Радиоқатынау жүйесінің екінші сатысы бүгінгі күнде өндіруші зауыттармен шығарылады (IRT, Granger Telecom, SR - Telecom). Олардың базасында коорпаративті (технологиялық және белгіленген), сонымен қатар коммерциялық байланыс желісі ретінде жайылған. Желінің екінші сатысы бірнеше жүзден, мыңдаған абоненттер бір уақытта байланыспен қамтамасыз етіледі.

Радиоқатынау жүйесінің екінші сатысын құру және өндеу кезінде әлемдегі компьютерлік желіде мәліметтерді алмастыру көлемі алдымен жергілікті, содан кейін қалалық экспоненциялды тенденцияда өсті. 1990-жылдардың басында Интернет желісі пайда болды, радиотехнологияда қолдану дәстүрлі сипатта қолданылды (радиорелейлі жол, телефон арналарын ұзарту (ТАҰ), жерсеріктік жол).

Бірақ таратылатын мәліметтер көлемі өсті, және қолданыстағы радиожелі шоғырлы желі үшін де сымды байланыс жолдарымен бақталаса алмады.

Компьютерлік жүйе байланысында радиобайланысты қолдану артықшылықтарын қолдану үшін және Инжинерлер байланыс институтында ІЕЕЕ (АҚШ) компьтерлер арасында мәліметтерді тарату жылдамдығын талап етілуін қаматамассыз ету үшін 802.11 стандартизациясы сымсыз шоғырлы желі құрылғысы (WLAN) ретінде бір топ зерттеушілер ұйымдастырылды.

Осы кезден бастап радииоқатынаудың жаңа сатысы басталды. 802.11 стандарт тобы радиоқатынау жүйе нарығында басты рөлде бола бастады және өндеушілер, құрылғыны өндірушілер арасында атақты тез жаулап ала бастады. Бұл алдымен, Radio Ethernet құрылғысының қарапайымдылығымен байланысты. Стандарттың ықпалы соншалықты болды, тіпті ол фирмалар ішіндегі стандарттарымен өнделетін құрылғылар 3,4...3,6 ГГЦ аясында таралды.

ІЕЕЕ 802.11 стандарт құрылғысы 2,4...2,4835 ГГц аясына есептелген. Бастапқыда стандарт кеңсе ішінде щоғырлы желіні 1 Мбит/с радиоарнасында ақпаратты төмен жылдамдықпен таратуды қанағаттандыру үшін бағытталған. Бұл жағдайда жеке абоненттерге қатынау жылдамдығы 256 кбит/с-тан аспау керек болды, S-ALOHA немесе CSMA-CA хаттамаларын пайдаланумен және олар радиоарнаның төмен тиімділігінен: 36 және 53%-ға қатысты. Ақпаратты тарату жылдамдық құрылғысы шоғырлы компьютерлі желілер арасында байланысты орнату үшін жеткіліксіз болды, сондықтан ІЕЕЕ 802.11-802.11b стандарт модификациясы айтарлықтай тез пайда болды, радиоарнада тарату жылдамдығы 1Мбит/с болатын. Бір уақытта құрылғының бағасы азая бастады, және стандарт - компьютерлі желі мамандар арасында, содан байланысшылар арасында белгілі бола бастады.

Қазіргі уақытта кеңсе ішінде 802.11b желі стандарттарын қолдану процедура рұқсатын алу жеңіденген.

Осы кезде алғаш рет радиобайланыс Ethernet компьютерлік желілер технологиясына енді, ол қазіргі күнде радиоқатынау желілерінде тұтас бөлінбейтін болды. Радиоқатынау желісінің қазіргі жағдайын және болашағын Ethernet хаттамасысыз қаматамасыз ету мүмкін емес. Ол жүйеаралық хаттама арақатынасында МАС және LLC ақпараттық желінің ашық деңгейі (OSI) болды.

Үшінші саты жүйесіне ақпаратты тарату амалы дестелі жалғауды қолданумен басталды (мысалы, сөз, мәлімет, видеобейне), қазір байланысшылардың атауы бойынша – «IP бойынша». Көптеген қазіргі мамандар, IP – бұл тарату құралының жаңа түрі деп санайды.

IP хаттамасы басынан жаман сапалы байланысты айтарлықтай жүзеге асыруға мүмкіншілік берді, синхронды өткізу жүйесіне қарағанда. Уақыт өте келе олар жетілуде және қазіргі уақытта маманның өзіне оны анықтау қиынға түсуде, мысалы, телефонды қосылу синхронды желімен (дәстүрлі өткізу нұсқасы 64 кбит/с жылдамдықпен) немесе IP-желісі Н.323 хаттамасын қолданумен және сапалы қызмет ету демеуімен (QоS) болуы мүмкін.

Сонымен, радиоқатынаудың үшінші сатысы бастапқы компьютерлік технологияның ақпаратты таратуына белсенді пайдалануға мүмкіндік берді және дәстүрлі әдіспен таратуда оларды конвергенциялайды (тұтастырды).

Ерекше өнімдерді жүзеге асыру көз қарасында хаттамаларды амаластыру 3,4...4,2 ГГц ая жүйесінде болды және бүгінгі күннен бастап радиоқатынау жүйесінің нарықтық аймақта өзіндік орны бар.

Сонымен қоса жүйелер мәліметтерді таратуда пайдалануға бағытталған және жалпы қолданыстағы телефонды желіге сөздің қосылуымен – ЖҚТфЖ және жалпы қолданыстағы мәліметтерді тарату желісі – ЖҚМТЖ (2.4 - сурет).

ЖҚТфЖ – жалпы қолданыстағы телефон; МТЖ – мәліметтерді

тарату жүйесі; ШЕЖ – шоғырлы есептегіш желі.
2.4 сурет - Үшінші саты желісінің 3,4...4,2 ГГц аясындағы

құрылымдық сұлбасы
Сыртқы ұйымына қарамастан, IP және Ethernet технологияларына бағынатын, радиоинтерфейс тиімді ұйымдастырылған және синхронды болып келеді. 3,4...4,2 ГГц ая жүйесінде стандартизацияның жоқ болуы әлемдік масштабта әртүрлі өндірілген радиоинтерфейстердің көп түрлілігіне әкелді. Мұнда, арналарды бөлу әдісі (жалпы арнаға қатынау), жиіліктік бөлу (FDMA), уақыттық бөлу (TDMA), кодтық бөлу (CDMA) өнделеді және олардың комбинациясы. Дуплексті арналарды бөлуде жиіліктік (FDD) және уақыттық (TDD) тығыздалған арналар қолданылады. Үшінші саты желісі 2.4 – суретте көрсетілген.

Базалық желіде 3,4...4,2 ГГц аясында толық спектрді пайдалануға қызмет ететін қалалық желі (MAN) құру ыңғайлы болды. Бұл апробиралық технологияны жүзеге асыру үшін жиілік аясының кеңейтуге әкелді.

Алғашқыда мұндай аясында кеңейту конвертор көмегімен спектрді тасымалдау есебінде болды.

Идеялық көзқарастан радиоқатынау жүйесінің үшінші сатысы технологияны дамытуда тағы бір басты бағытқа үлес қосты - синхронды ағындардың жоғарғы жылдамдықты желісін бөлуді құру, Т1, Е1 еселі және арнаның басқа стандарттары, сонымен қатар телевизиялық бағдарламаны (MMDS және LMDS) 26 ГГц ая жиілігіне дейін бөлу.

Осы кезенде Alcatel, Siemens, Aivairon, Ericsson, SR Telecom және т.б. фирма құрылғылары пайда болды, айтылған тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін.

Төртінші саты жүйесі. Бұлардың көмегімен кең жолақты қызмет етуде мәліметтерді таратуды жорамалдауға мүмкіндік береді, Интернет желісіне қосылу, телефония, нақты уақыт масштабында видео және телебейнелерді тарату, әртүрлі ұйымдастырылған нұсқада мультимедиялық ақпарат. Ең алдымен, шоғырлы аймақтарды қосу жорамалданды, содан кейін барлық қалалар бірдей үлкен «шоғырлы» желіге қосылды, онда кез келген тұтынушыға жұмыс жасау ыңғайлы болу қажет. WiFi немесе HotSpot қызмет ету байланысында еркін қатынаудың шоғырлы аймағы және WiMax кеңсесінен сырт қала масштабында еркін қатынау аймақ концепциялары дамиды. Тұтынушы қаланың кез келген нүктесінде байланыс қызметімен пайдалана алады, сонымен қатар өзінің шоғырлы желісінде.

Мұндай мүмкіншіліктер ең алдымен, 802.11а, 802.11g, 802.16, 802.16а стандарттарын байланыстырады. 802.11 және 802.16 топ стандарттарын ары қарай дамуы 6 ГГц ая жиілігінде 150 км/сағ жылдамдыққа дейін қызмет етуге мүмкіншілік береді.

Төртінші саты жүйесінде жалпы арана қорына қатынау технология сапасы ретінде арналарды әртүрлі бөлу жолдары пайдаланылады:жиіліктік бөлу (FDMA) және оның жаңартылған модификациясы – ортогональды жиіліктік бөлу (ОFDMA), уақыттық бөлу (TDMA), кеңістіктік бөлу (SDMA), арналарды кодтық бөлу (CDMA).

Төртінші саты құрылғыларында шартарапты стандартты үрдіс тенденциясы белгілі бола бастайды. Барлық мемелекетте бір жиілік аясы бөлінген, стыктар стандартталған, радиоинтерфейс параметрлері және басқада сипаттамалары. Мұндай құрылғы, көбінесе абоненттік, кез келген өндірушімен өнделе алады және кез келген стандартталған желіде жұмыс жасай алады.

Интерфейстердің (стыктардың) жалпы қолданыстағы желімен (ЖҚЖ) дамуы аналогты абоненттік жолдан Е1, V.5.1, V.5.2 телефон желілері үшін өтті. Мәліметтерді тарату желісіне бұл жағдай тұрақты болды. Жалпы қолданыстағы мәліметтерді тарату желісі (ЖҚМТЖ) стыктар қолданылды, қолданылады және Ethernet стандардында қолдану жоспарлануда. Тарату ортасы және жылдамдығы өзгереді.

Тұтынушы интерфейсі де өзгерістерге ұшырады. Қазір радиоқатынау құрылғысын қолдану:абоненттік құрылғыны орнату, компьютерге қосу, драйвер-бағдарламасын инсталлизациялау, Ethernet деңгейіндегі компьютермен немесе басқа құрылғымен өзара әсерлесетін. Тұтынушы интерфейс-бағдарламасы жалпы тұтынушы интерфейсімен интеграцияланған, мысалы, Windows 2000, Windows XP, Windows NT, Makintosh және тағы басқа операционды жүйелер.

Төртінші сатының жалпы сипаттамасы барлық желі элементтерінің және интерфейстердің адаптивтілігі, сонымен қатар абоненттің жеке қажеттерін қанағаттандыру кезеңдері.

Радиоинтерфейс құрамына адаптивті антена жүйесін, комплексті тапсырмаларды шешу кіреді: бөгеуілмен күрес, ақпаратты тарату жылдамдығының өсуі, сигналдардың кеңістіктік бөлінуі.

Радиоқатынаудың бесінші саты желі құрылғысының сипаттамасы 2.1- кестеде көрсетілген.


1.6 CDMA стандарты туралы жалпы ақпарат



CDMA (Code Division Multiple Access) жылжымалы ұялы байланыс жүйесінің стандарты –бұл жаңа технология емес, ол әскери ұялы байланыста қолданылған. Qualcomm компаниясы сымсыз байланыс үшін CDMA-дің үлкен потенциалда қолданылылатының байқап, бұл стандартқа айтарлықтай өзгерістер енгізді, күрделі телекоммуникациялық желі қажеттілігі үшін басымды, рентабелді және сымсыз байланыс жүйесіне бәсекелестікті енгізді. Бұл технология сапаны айтарлықтай жақсартты және әлем бойынша сымсыз желінің сыйымдылығын үлкейтуге мүмкіншілік берді. Қазіргі кездегі аналогты және санды жүйелерден айырмашылығы, олар (аналогты және санды жүйелер) спектрді тар арналарға бөледі және әр бір арнаға бір немесе бірнеше байланыс сеансын белгілейді, СDMA кең сегментті спектрде көптеген «сөздерді» таратады. Әр бір шақыруға бірегей код белгілейді, олар оны басқа көптеген шақырулардан ажыратады, сол аясында бірдей таратылады. Қабылдау құрылғысында дұрыс код бар кезде, ол басқалардан бөлек байланыс сеансын қолдай алады. Сондықтан СDMA – бұл көптік қатынау, код бойынша бөлінген.

СDMA – арналарды кодпен бөлудегі көпарналы қатынау. Басқа радиобайланыс технологияларынан айырмашылығы, оларда (басқа технологиялар) жиілік спектрі тар жолақты арналарға және уақыт инервалына бөлінеді, СDMA жүйесінде сигналдар кең жолақты жиіліктерге таратылады. Осындай әдіспен СDMA жүйесі қолданыстағы жиілік спектірін тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, өткізу жолағын айтарлықтай кеңейте отырып. СDMA жүйесінің өткізу жолағы аналогты AMPS жүйесіне қарағанда 10-20 есе, және TDMA және GSM санды байланыс технологияларымен салыстырғанда үш есе үлкен. Жоғарғы өткізу қабілеттілігін иемдене отырып, СDMA жүйесі шақыруды тұйықтаудың алдын алады және сандық қызмет етудің жаңа түрлерін қамтамасыз етеді: шақырушы абонентті тану, мәліметтерді тарату және жылжымалы факсималды байланыс сиқяты. СDMA жүйесінде кодтау сұлбасы қиылысқан бөгеуілдерді толығымен жояды және басқа қайнар көздеріндегі бөгеуілдерді айтарлықтай кемітеді. СDMA жүйесінде мәліметтерді таратудың айнымалы жылдамдығын 13 кбит/с вокодерлерде қолдану сөзді тарату сапасын қамтамасыз етеді, сымды жол байланыс сапасымен салыстырғанда.

СDMA-де бірегей сандық кодтау қолданылады. Кодтар базалық стансадан жылжымалы телефонға беріледі және кері. Желінің барлық абоненттері өз араларында бір жалпы жиілік аясын бөліп алады. CDMA технологиясында жиілікті қайталап қолдану жиілік жобалау қажеттілігін жояды. Енді оператор ұяшық қосқан кезде немесе жаңа арна жиілік жобасын талап етпейді.

CDMA жүйесінің жиіліктік артықшылығы арқасында қарапайым тар жолақты радиостанса жиілігінде ойдағыдай жақсы жұмыс жасай алады. Бұл жағдайда оператор немесе жүйе бұзылған спектр аймағын кесіп тастайды. Мұндай әрекеттесуде CDMA жүйесінің бөгеуіл тұрақтылығы өткізу жолағына пропорционал төмендейді.

CDMA негізгі артықшылықтары: дауыс сапасының өзгешелігі және шуыл деңгейінің төмендігі; CDMA кең таралу сигналы үлкен аумақты қамтиды; халық аса тығыз аудандарда және таулы қыраттарда (онда сигнал бөгеуілі пайда болады) байланыс сапасын жақсартады; жүйе сыйымдылығын үлкейтеді, «виртуальды» бос емес және қиылысқан шақыруларды алып тастайды; CDMA сыйымдылығы AMPS қарағанда 10 есе және TDMA-нен 3 есе артық; CDMA аппараты AMPS және TDMA қуатына қарағанда 1/25 және 1/1000-те жұмыс жасайды (мұндай аз қуатты талап ету портативті аппараттарды ұзақ уақыт бойы зарядсыз жұмыс істеуіне мүмкіншілік береді).

CDMA-де жеке шақыруларды бөлу үшін 4,4 триллион код қолданады, толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және рұқсат етілмеген қосуды болдырмайды. Сонымен қатар бұл стандарт басқа стандарттарға қарағанда санды мәліметтерді тарату ыңғайлы; дауыс және бір арнамен факс таратылуы мүмкін, яғни мәліметтерді таратуда байланысыз қалмайсыз; бір базалық станциядан екіншісіне ауысқанда сөздің бұрмалануы жоқ.




1 Жоба тақырыбы бойынша аналитикалық зерттеулер мен техникалық шешімдер
Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации