Дипломная работа - Оптимизация телекоммуникационной сети города Талдыкорган (на казахском языке) - файл n5.doc

Дипломная работа - Оптимизация телекоммуникационной сети города Талдыкорган (на казахском языке)
скачать (513.7 kb.)
Доступные файлы (12):
n1.doc1072kb.05.06.2010 14:14скачать
n2.doc25kb.04.06.2010 14:52скачать
n3.doc43kb.01.12.2009 17:14скачать
n4.doc33kb.01.12.2009 17:15скачать
n5.doc38kb.01.12.2009 17:14скачать
n6.doc47kb.01.12.2009 17:15скачать
n7.doc79kb.01.12.2009 17:18скачать
n8.doc39kb.01.12.2009 17:19скачать
n9.doc38kb.01.12.2009 17:14скачать
n10.doc49kb.01.12.2009 17:15скачать
n11.doc49kb.01.12.2009 17:15скачать
n12.doc44kb.01.12.2009 17:15скачать

n5.doc

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ақпараттық технологиялар институты
Есептеу техника кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ



Диплом қорғаушы: Ғазымжанов Сейтжан Тлешұлы
Жұмыс тақырыбы: Геомәліметтік жүйесін Талдықорған қаласына құру.

Қазақстан нарығындағы on–line режиміндегі мәліметтерді жіберу қызметі дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Негізгі ұстап тұрушы себепкер шарт – қызметтердің өз бағасының үлкен болуы және қолданушылардың төлеу қабілеттілігінің сәйкес келмеуі. Интернетке жоғарғы жылдамдықты қатынас құруды ұйымдастыру кезінде қолданылатын технологияларыдың ең қолайлы және ең тиімділерінің бірі – кеңжолақты сымсыз қатынас құрудың Wimax технологиясы. Мұның себебі: бір базалық станцияның қамту территориясының кеңдігі, қатынас құруға қажетті құрылғылардың арзан бағасы және қолданудың қарапайымдылығы.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде Ғазымжанов Сейтжан өзінің біліктілігін, жауапкершілігін және еңбекқорлығын дәлелдей отырып, оқу кезінде алған теориялық білімдерін практикада қолдана білетіндігін толығымен дәлелдеді. Жұмысты орындау барысында орындаушы студент туындаған өзекті мәселелерді өздігінен шешіп, оны іске асыра алатындығын растады. Дипломдық жұмыста Ғазымжанов Сейтжан көптеген есептеулер жасап, өзінің есептеу қабілетінің де жоғары екенін дәлелдеді.

Дипломдық жұмыста орнатылатын желінің негізгі сипаттамалары, оның параметрлері, қажет етілетін өлшемдерді есептеу, базалық станциялардың орнатылатын орындары, олардың құрамы және пайданылатын құрылғылардың сипаттамалары толығымен, сондай-ақ, экономикалық бөлім мен еңбекті қорғау бөлімдері де қамтылған.

Экономикалық бөлімінде желіні орнату барысында қажет етілетін қаражат көлемі, тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде түсетін таза пайда және желінің өзін-өзі ақтау мерзімі толығымен негізделіп, есептелінген.

Еңбекті қорғау және экологиялық адам өміріне зиян келтірмеу шаралар қолданылып, есептер көрсетіліп, олар құқықтық түрде негізделген.
ЖҰМЫСҚА БЕРІЛГЕН БАҒА

Жоғарыда айтылған негізгі сипаттамаларға сүйене отырып дипломдық жұмысты қорғаушы студент Ғазымжанов Сейтжанға "өте жақсы" деген баға қоя отырып, 050719 (Радиотехника, электроника және телекоммуникация) мамандығы бойынша инженер-бакалавр деген атаққа толығымен лайықты деп санаймын.

Жетекші

____________________ Есназаров Е.К.
"____" ________________2008 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Ақпараттық технологиялар институты

Есептеу техника кафедрасы
РЭТб-04-4қ тобының студенті Ғазымжанов Сейтжанның дипломдық жұмысына берілген
П І К І Р
050719 "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы
Дипломдық жұмыс тақырыбы: Геомәліметтік жүйесін Талдықорған қаласына құру.

Құрамы:

а) графикалық бөлім_____5________ парақ

ә) түсініктеме жазба___81_________ бет
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Алматы қаласында кеңжолақты сымсыз қатынас құру желісін ұйымдастыру. Қазіргі уақытта желілік технологиялар өте тез дамуда. Бүгінгі таңда Интернетке қатынаудың бірнеше балама әдістері бар. Олардың кең таралғаны телефондық желі арқылы коммутацияланған қатынау болып табылады. Бірақ, бұл әдістің көптеген кемшіліктері бар. Мысалы, төмен жылдамдық, провайдерге сұхбаттасу қиыншылықтары, тұрақсыз қосылулыр, телефон желісінің жүктемеленуі. Ал Wimax технологиясы негізінде ұйымдастырылған желінің негізгі артықшылықтары – жоғары жылдамдық, жаңа тұтынушыны желіге қосу оңайлығы және т.б.

Студент Ғазымжанов Сейтжан дипломдық жұмысты орындау кезінде өзінің жұмысқа деген ынтасын, жауапкершілігін, қойылған тапсырмаларды уақытында орындайтынын растады, сондай-ақ, оқу кезінде алған теориялық білімін практикада жоғары деңгейде қолдана алатындығын көрсетті.

Әзірленген құжаттары бойынша дұрыстығын тексеру үшін бірнеше мысал шешілген. Алынған нәтиже қолмен есептелінген нәтижелерге сәйкестігін ескере отырып құжаттары бойынша дұрыс жұмыс жасайтындығы дәлелденген деп айтуға болады. Сондай-ақ, шығынды есептеу барысында қолданылған барлық құрылғылардың өзіндік құндары нарықтық жағдайларға сәйкестігі расталды.

Дипломдық жұмысты орындау барысында студент Ғазымжанов Сейтжан ЭЕМ-де жұмыс істей білетіндігін, алған білімін практикада қолдана алатындығын, өз бетімен жұмыс істей алатындығын, алдына қойылған техникалық мәселелерді дұрыс шеше алатындығын көрсетті.
ЖҰМЫСҚА БЕРІЛГЕН БАҒА

Жоғарыда айтылған негізгі сипаттамаларға сүйене отырып дипломдық жұмысты қорғаушы студент Ғазымжанов Сейтжанға "өте жақсы" деген баға қоя отырып, 050719 (Радиотехника, электроника және телекоммуникация) мамандығы бойынша инженер-бакалавр деген атаққа толығымен лайықты деп санаймын.

Пікір беруші

ҚазККА оқытушысы

_________________________________ Есилбаева А.

"____" ________________2008 ж.

Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации