Дипломная работа - Оптимизация телекоммуникационной сети города Талдыкорган (на казахском языке) - файл n1.doc

Дипломная работа - Оптимизация телекоммуникационной сети города Талдыкорган (на казахском языке)
скачать (513.7 kb.)
Доступные файлы (12):
n1.doc1072kb.05.06.2010 14:14скачать
n2.doc25kb.04.06.2010 14:52скачать
n3.doc43kb.01.12.2009 17:14скачать
n4.doc33kb.01.12.2009 17:15скачать
n5.doc38kb.01.12.2009 17:14скачать
n6.doc47kb.01.12.2009 17:15скачать
n7.doc79kb.01.12.2009 17:18скачать
n8.doc39kb.01.12.2009 17:19скачать
n9.doc38kb.01.12.2009 17:14скачать
n10.doc49kb.01.12.2009 17:15скачать
n11.doc49kb.01.12.2009 17:15скачать
n12.doc44kb.01.12.2009 17:15скачать

n1.doc

  1   2   3   4


Кіріспе
Телекоммуникация нарығының қарқынды дамуы (жаңа қызметтерді енгізу, жаңа операторлардың пайда болуы, сәйкесінше бәсекенің өсуі) динамикалы өсіп келе жатқан ортаға Қазақстанның ұлттық байланыс операторларын бейімделуге мәжбүр етті.

Мысалы, қазіргі таңда жоғары компьютерлік технологиялар нарығында қарқынды дамып келе жатқан сегмент ретінде, геомәлеметтік жүйені келтіруге болады. Нарықты экономика шарттарында конкурентті күрес, пайдаланушыларға күрес, өндірістік кәсіпорындардан шығаратын өнімді жаңартып тұруды, оның сапасын көтеруді, сұрау берушілердің тілектерін қанағаттандыруды талап етеді.

Инженер жұмысын компьютеризациялаудың геомәлеметтік жүйе технологиясы, сәйкес келетін программалық жабдықтар аспаптарын қолдана отырып, осы немесе басқа қолданбалы облыста маманға информатикадан терең білімге ие болмасада, программистер көмегін қолданбай, өзі және өзінің коллегалары үшін жаңа жұмыс орнын тудыруға жағдай жасайды.Осыған орай инженер жұмысы сапаға ие болады: маман есептің техникалық деректерін компьютерге енгізеді және компьютер ұсынған нұсқалардың біреуін таңдау арқылы шешім қабылдап, жобаның генерация процесін бақылайды.

Осы қиындықтарды инженер жұмысын компьютеризациялауда түбегейлі жаңа ақпараттық технологияны негіздеп шешім табуға болады. Осы ғасырда, информатика ғасырында, технологиялық жабдықтар ретінде тек компьютер ғана персоналды емес, әрбір инженердің жұмысын программалық қызмет етуде персоналды болуы керек. Қазіргі уақытта қолданылатын САПР көп жағдайда білімін компьютер сыртында қалдырып қояды. Нәтижесінде конструктор – компьютерді әдеттегі «электронды кульман» режимінде, ал технолог арнайы редактор ретінде қолданады. Ал инженерге арнайы мамандандырылған жүйелерді ұсынғанда, програмистттердің алгоритмдік тілдер көмегімен салынған білім олардың түсінуі үшін қиындықтар туғызады.

1 Іске қосылған желіні талдау және есептің қойылуы
Жақын уақытта телекоммуникациялық қызметтер нарығының дамуына қойылатын есептер телефондар санының өсуін қарастырады. Сонымен қатар интернет пайдаланушылар санын ұлғайту ұсынылады. Бұлардың барлығы телефон желілерін жаңартуды қажет ететіні сөзсіз.

Ортақ қолданылатын телефондық желіні дамыту үшін қазіргі заманғы сандық коммутациялық станцияларды енгізу арқылы сыйымдылығын артыру және моральды, физикалық тозған электромеханикалық жүйедегi станцияларды ауыстыру. Ортақ қолданылатын телефондық желіні жаңарту сұрақтары бұрыннан туған және олар көбінесе коммутация желілерінің жұмыс іcтеу мерзімі 40 жыл болуына байланысты болған. Әрине өзгерту процессінде шешімін табу қажет сұрақтар туады. Бірақ барлық шешімдер негізгі (телефонды шақыру) қызметті қамтамасыз ету шегінде жүргізілді.

Бүгінгі таңда жаңартуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгертілді. Шынындада, негізгі қызмет байланыс операторларына 40 % төмен пайда алып келеді, ал Интернет сыртында дыбыстық тарату (VoIP – Voice over IP) сияқты технологиялардың пайда болуы дестелі желі көмегімен негізгі қызметті іске асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта, іске асырылған коммутация желісін жаңартуда, біріншіден, негізгі қызмет үшін жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету әрекеттері белсенді жалғасуда, ол біздің көзқарасызша желіні жаңарту бойынша негізгі сұрақтардан қорларды аударады.

Ресейде дамыған операторлардың біреуінің ұйымдастыру торабын талдау көрсеткіші келесі нәтижелерді береді. 33 координатты АТС нөмер кеңістігі 16 АТС толығымен қолданылады . Әдеттегі телефон санцияларын орналастыруға арналған ғимараттарды салу принциптерін ескере отырып, координаты АТС көбінесе бір мекемеде екі- үштен орналасқан. Бұл жағдайда 15 ғимараттың біреуінде ғана бос нөмір сыйымдылығы бар. Яғни, телефон саны бойынша қойылатын есептің шешімін орындау үшін қолдануға болатын, станцияны кеңейтуге арналған бос нөмір сыйымдылығы бар.

Телефон трафигін, деректерді тарату трафигін және интеллектуалды желіні кеңінен зерттеу трафиктің осы түрлерін пайдалануын қарастыруға, сонымен қатар олардың болашақта дамуын болжау мүмкіндігін береді.

Сонымен, бүгінгі күнде деректерді тарату трафигінің үлесі жалпы трафик көлемінің бес пайыз аспайды.

Осыған байланысты, жаңа телекоммуникациялық технология үлесі 2007 ж. 17,5 пайызға дейін дейін ұлғаяды деп шамаланады. Болжамалы көрсеткіш, екі мың нөмірге сәйкес келетін, қазіргі жаңа қызметтерді баламалы көлемде қажетті кеңейту дәрежесін бағалау мүмкіндігін береді.

Бүгінгі таңда байланыс қызметтерін қолданбайтын адам табыла қоймас. Адамдар қажеттіліктері әртүрлі болатыны сөзсіз, және егер біреуіне қарапайым аналогты күре жолды қолдану арқылы кәдімгі телефонмен сөйлесу жеткілікті болса, екіншісіне, мысалы, бір уақытта Интернетте жұмыс жасау және телефонмен сөйлесу немесе бейнекоференцияға қатысуы мүмкіндігі болуы қажет.

Телекоммуникациялық компаниялар бұндай жағдайларда өздерінің нарықтағы үлесін жоғалтып алмау үшін тұтынушылар сұраныстарына тезарада әрекет етуге мәжбүр.


1.1 Талдықорған қаласында іске қосылған телекоммуникация желісін талдау


      1. Талдықорған қаласында телекоммуникация желісін жаңарту және дамыту



Талдықорған қ. телекоммуникация желісінде нақты мезетте ОКС - 7 хаттамасы бойынша жұмыс істейтін электронды АМТС DMS, бір орталық АТС (LG компаниясының STAREX- TX1 коммуникациялық жүйесі) және бес алшақтанған RS (Е) типті модульдер жұмыс жасайды. Қалада байланысты ұйымдастыру STM-1 сақинасын қолдану арқылы іске асады. Оптоталшықты сақина қаланың барлық станцияларының ағындарын бір желіге байланыстырады және жоғары жылдамдықты және станция аралық сапалы байланысты қамтамасыз етеді. Қала тұрғындарына ғаламтор қызметтерін пайдалануға жағдай жасайтын деректер тарату торабы ұйымдастырылған. Бүкіл республикадағыдай, қалада әмбебап таксофондар желісі қолданыста. Талдықорған қаласының қалааралық телефонды станция абоненттер үшін қалааралық және жергілікті жердегі коммутациялық түйіні болып табылады. Станциядағы магистральді және жергілікті бағыты тапсырыс беру арқылы және ұқсас жүйелер арқылы қызмет көрсетіледі. Талдықорған қаласының ГТС жүйесінің жалпы құрастырылған сыйымдылығы қазір алты цифрлы нөмерлеумен жұмыс істейді.

Телекоммуникация желісінде «Қазақтелеком» ААҚ қатысуы аз байқалатын, немесе инженерлік желілер мүлдем жоқ қала аудандарын (көбінесе алшақ орналасқан) телефон желісін жүргізуге талпынатын шет операторлар әрекет етеді. Бәсеке шарттарында шет операторлары телефонды орналастыру кезінде техникалық ережелерді сақтамайды, кабель электр тіреуіштерге ілінеді.

Соңғы кезде қалалық телефон жүйесін жаңарту мен дамыту жолдары бойынша үлкен жұмыс басталды: STAREX-TX1 электронды станция қондырғысы өндірілді. Қалалық телефон жүйе (ГТС) жұмысының сапалығы станция қондырғысы бойынша да, желілік шаруашылық бойынша да барлық техникалық ережелерге сай және жұмыс нашарлығы көрінген жоқ. Шаруашылық желі мен станциялық қондырғыны инвентаризациялау мен паспортизациялау жұмысы жүріп жатыр. Желілік шаруашылықтың жағдай мен тексеруге сәйкес квартал бойынша толық және ағынды жөндеу жоспары жасалған. Қазір (ГТС) қалалық телефон жүйесінің жаңартуы мен әріқарай дамуы туралы жоспар құрылған және қалалық телефон жүйесінің бос сыйымдылығын пайдалану көзделген.

Талдықорған қаласының қалалық телефон жүйесі қала тұрғындарын өндірістерде, кәсіпорындарды, ұйымдарды, берілген аймақтағы тұрғындарды телефон жүйесімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, телефонды емес ақпаратты жіберу үшін автоматты коммутацияланатын телефонды жүйелерді қолдану мақсаты көзделіп отыр, мысалы факсимальді хабарды жеткізу және электронды почта әрбір абоненті үшін сәйкес коммутациялық қондырғылар арқылы барлық қалалық телефон жүйесінің абоненттерімен телефонды байланыс қамтамассыздандырылады, абоненттер арасындағы байланыс тез, қателіксіз, жақсы есту қабілетін қамтамасыз ету қажет. Бірақ пайдалану мен дамытудың жалпы шығындары өте аз болуы керек.

2004 жыл телекоммуникация желі жағдайының экономикалық қатынасты тұрақтылығымен, қамтамасыз етілетін қызметтер көлемінің өсуімен сипатталады. Бір жыл ішінде 5000 нөмір қолданысқа енгізілді, бұл жоспардың 100 пайызды құрайды.

Талдықорған қаласының байланыс торабы жаңа компьютерлік технологияны енгізу нәтижесінде мынандай жетістіктерге ие болады. Қосымша қызмет ету сапасы жоғарылауы, абоненттер санын көбейтуі және әрбір инженер жұмысы программалық қамтамасыз етіледі.

1.1.2 Талдықорған қаласында қалалық телефон желісінің техникалық жағдайы

Қалалық телефон жүйесінің, таксофондар сыйымдылығын ескермегенде, жалпы қондырылған сыйымдылығы 26592 құрайды.

Барлық АТС сипаттамалары, олардың қолдануға берілген жылы, қондырылған және іске асырылған сыйымдылық 1.1 кестеде көрсетілген.
1.1 кесте - АТС қысқаша сипаттамалары

АТСЭ- 21

1

2

Қондырылған сыйымдылық

11008

Электронды станция «STAREX-TX1» типті

АТСЭ- 21 әрекет ету ауданындағы абоненттік желі саны,

Е1

Е1 Link

ОКС7 Link

V 5.2 Link


11008

-

48

4

16

АТСЭ- 22


1.1 кестенің жалғасы

1

2




4000

Электронды станция «RS-2» типті

АТСЭ- 22 әрекет ету ауданындағы абоненттік желі саны,

Е1

Е1 Link

ОКС7 Link

V 5.2 Link


4000

16

-

-

-

АТСЭ- 23

Қондырылған сыйымдылық

Электронды станция «RSЕ-4» типті

АТСЭ- 23 әрекет ету ауданындағы абоненттік желі саны,

Е1

1504

1504

8

Е1 Link

ОКС7 Link

V 5.2 Link

-

-

-

АТСЭ-25

Қондырылған сыйымдылық

Электронды станция «RS-1» типті

АТСЭ- 25 әрекет ету ауданындағы абоненттік желі саны,

Е1

Е1 Link

ОКС7 Link

V 5.2 Link

6080
6080
16

-

-

АТСЭ-26

Қондырылған сыйымдылық

Электронды станция «RSЕ-3» типті

АТСЭ- 26 әрекет ету ауданындағы абоненттік желі саны,

Соның ішінде:

Е1

Е1 Link

ОКС-7 Link

V 5.2 Link

3008
3008
8

-

-

-

АТСЭ-Заря

Қондырылған сыйымдылық

Электронды станция «RSЕ-5» типті

Соның ішінде:

Е1

Е1 Link

ОКС-7 Link

V 5.2 Link

992

8

-

-

-

Қалада байланысты ұйымдастыру STM-1сақинасын қолдану арқылы іске асады. Магистральды және үлестіру желісінде ТППэП 600х2х0,5 (полиэтиленді қаптамада) кабель қолданылады. Қаланың байланысты ұйымдастыру сұлбасы сурет 1 көрсетілген.


1.1.3 Телекоммуникациядағы әлемдік даму тендециялары
Террриториялық зерттеулерге сәйкес тұрғындардың жалпы санынан 40-60 % құрайды. Бұдан байқайтынымыз, 2010 ж. кейін де телефонизациялау процессі жоспарда қарастырылған қарқынмен жалғасады және ТфОП Интернет пайдаланушылардың жалпы саны 2010 ж. 70 млн. асады. Бұл жағдайда Интернет пайдаланушылар арасында терминал ретінде тек қана IP-телефонды қолданатын тұтынушылар болуы ғажап емес.Сондықтан бүгіннен бастап жаңа абоненттік сыйымдылықтарды құру кезінде коммутация желілерін VoIP функцияларымен қамтамасыз еткен дұрыс.

Қосымша абоненттік сыйымдылық жаңа құрылыс, жабдықты ауыстыру, қазіргі сыйымдылықты жаңарту және кеңейту жолымен пайда бола алады. Жаңа құрылыс кезінде дестелі желіні қамтамасыз ететін жабдық қажет болуы сөзсіз.

Қазіргі уақытта аналогты АТС- терді эксплуатациядан шығару кезінде жабдықты ауыстырумен кеңінен қолдана бастады. Бірақ бұған қарамастан іске қосылатын координатты АТС, 90 - шы жылдары алып келінген цифрлы АТС-тер үшін абоненттік сыйымдылықты кеңейту және жаңарту қарастырылады, оның негізі дестелі желіні қамтамасыз ететін жабдық болуы қажет.

Іске қосылған сыйымдылықты кеңейту және жаңарту мәселелерін қарастыру үшін телекоммуникацияның жаңа қызметтеріне сұранысты талдау

1.2 Телекоммуникация желілерін өзгертуде және талдауда жаңа информациялық технологияларды қолдану
1.2.1 ГМЖ технологиясы
Егер біздің әрбіреуімізге қағаз картамен жұмыс жасау қызық болса (Сіз әлемнің атлас картасын көп уақыт зерттегеніңізді еске алыңызшы), онда компьютерлік карта одан да қызық болуы тиіс. Бірақ шынында картакомпьютерде карта қағаз картамен салыстырғанда көптеген қосымша және қажетті қасиеттерге ие болады. Әрине, оны компьютер бетінде масштабын оңай өзгертуге, оңай жылжытуға және картаның бөлек элементтерін үлкейтіп немесе кішірейтіп бейненің әрекетін өзгерте аласыз. Алайда, бұл аудандағы мамандар «цифрлы» ( немесе «электронды») деп атайтын картакомпьютерлік картабасқада қасиеттерге ие. Мысал, сіз қала картасынан қажетті мекемені таңдап оны үлкен көлемде шығаруға және мекемеге кірме жолдарын қарастыруға болады. Сіздің бейнеленген ақпаратта тематикалық құрамын басқару мүмкіндігініз бар.

Картада объекті нұсқап, ол туралы ақпарат алуға болады. Мысалы, жылжымайтын мүлікті нұсқап, сіз оның бағасын, кім оның иесі болып келетінін, мүліктін жағдайын және сол сияқты.анықтай аласыз. Өндірістік кәсіпорынды таңдап, сіз оның салалары экологияға әсері және т.б. жайында ақпарат аласыз: Екінші жағынан сіз тәжіребиелерді іздеу жүйесі ретінде қолдана аласыз. Мұндай жағдайда сізді қызықтырып отырған объект қасиеттерін көрсетіп сұрау құрасыз, ал жүйе сәйкес келетін объектілерді белгілейді. Арнайы жабдықтар мәліметтерді анолитикалық өндеуді жүргізуге жағдай жасайды. Өндеу нәтижелерінде экран бетінен көруге болады. Мысалы, сіз құбыр жолындағы ажырау мүмкін болатын орындарды шұғыл болжай аласыз, картада ластанудын тарату жолдарын бақылап және табиғат ортасына ықтималды нұсқаның бағалап, апат салдарын жою үшін қажетті қаржы көлемін анықтауға болады.Ең қиын технологиялық шешімдер өзіне эксперттік сүйемелдеуді қосады және шығысында нақты шешімдерді қабылдау үшін қажет, негізделген қорытынды алуға жағдай жасайды.Экран бетінен көре алғанның барлығын қажет болған жағдайда баспа құрауына шығару және көшірме түрінде алу мүмкіндігіңіз бар немесе стандартты файл түрінде сақталынады.

Территория туралы ақпаратты тиімді өңдеуді қамтамасыз етуге арналған мәліметтік жүйені геомәліметтік жүйе деп атайды. Яғни, ГМЖ (geographik(al)information system, GIS, spatial informatuons system), ГМЖ – бұл кеңістікті- координатты мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, қол жеткізу, көрсету және таратуға мүмкіндік беретін мәліметтік жүйе.

1.2.2 ГМЖ түрлері және құраушылары
Территориялық аумағы бойынша шартарапты немесе ғаламшарлы ГМЖ (global), субконтиненттік ГМЖ, мемлекеттік дәрежесі бар, ұлттық ГМЖ, аймақтық ГМЖ (regional GIS), аймақ аралық ГМЖ және жергілікті ГМЖ (lokal GIS) болып бөлінеді.ГМЖ мәліметтік үлгілеу аумақты пәнінен ажырылатылады, мысалы, қалалық ГМЖ ,табиғатты қорғау ГМЖ (enyiranmental GIS)және т. с. с.

Геомәліметтік жүйе (ГМЖ) – нақты әлем объектілерінде болып жатқан және болжамалы оқиға мен құбылыстарды талдау және картографиялау үшін арналған қазіргі заманғы компьютерлік технология.Геомәліметтік жүйе кеңіс-тікті мәліметтерді ең шынайы көрсетеді. 1 – ші рет геомәліметтік жүйе техно-логиясы өз жұмысын 25 жыл бұрын Канадада жүргізіле бастады және алғаш-қыда негізінде жер құралдар мақсаты үшін қолданылды. Қазір бұл жоғарғы компьютерлік технологиялар нарығындағы қарқынды дамып келе жатқан сег-мент.

Геомәліметтік жүйедегі мәліметтер географиялық орналасу негізінде біріктірілген тематикалық қабаттар жиыны түрінде сақталады. Геомәліметтік жүйенің осындай мүмкіндігі кеңістікті ақпаратқа қатысты кез – келген есепті шешуге өте тиімді. Геомәліметтік жүйе басқада мәліметтік жүйелермен тығыз байланысты және олардың деректерінің объектілерін талдау үшін қолданылады.

Геомәліметтік жүйе құраушылар:
  1   2   3   4


Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации