1 қарызды бағалы қағаздарға конверсиялау - файл

приобрести
скачать (16.9 kb.)


«А» ұйымы «В» кәсіпорнының алдында үлкен қарызы бар 11 000 000тенге. Сонымен қатар «В» кәсіпорнының «А» ұйымының алдында қарызы бар 2 000 000тенгеге құрылыс құралдарын сатып алған.

«В» кәсіпорнының мәлімдемесіне сәйкес, өзара есеп айырысу талаптары қойылады, нәтижесінде «А» және «В» ұйымдарының бір-біріне қатысты міндеттемелері толығымен тоқтатылады. Осы жағдайда қарызды қайта құрылымдаудың қандай әдісі қолданылды?

1) қарызды бағалы қағаздарға конверсиялау;

2) өтемақы жасау - бұл А кәсіпорны активтерін В кәсіпорны тарапынан белгілі бір жеңілдіктерге айырбастау;

3) қарызды қамтамасыз ету;

4) екі жақты есептесуді өткізу;

5) акциялар пакетімен алмасу.

6) сотқа жүгіну



Шешімі

Қарызды қайта құрылымдау - бұл қолданыстағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамау немесе қол жетімді пайыздық ставкаларды төмендету үшін компаниялар қолданатын процесс. Жеке тұлғалар төлем қабілетсіздігі шегінде, сондай-ақ егемендік қарыз бойынша дефолтқа жол берген елдер сияқты өз қарыздарын қайта құрылымдайды.

Менің ойымша ең алдымен сотқа жүгінген дұрыс секілді, себебі тек сот үкімі ғана ең әділ шешімді ұсына алады, қарастырылып отырған қарыс көлемі де айтарлықтай үлкен сумма. Немесе істі сотқа дейін жеткізбеуді жөн көрсе өзара екі жақты есептесуді немесе қарызды қамтамасыз етуді өткізуі керек деп ойлаймын.

Қарызды бағалы қағаздарға конверсиялау, акциялар, жеңілдіктерге айырбастау әдістерін таңдамау себебім- қаражат суммасы үлкен, бұл сумманың барлығын айырбасқа жұмсамай, қарызды ақшалай түрде алған тиімді болады. Сонымен қатар олар өзара бір-біріне қатысты міндеттемелерді тоқтатқан болатын.



Бірақтан да, қарызды ақшалай қайтаруды дұрыс деп санағанмен, екі жақты компанияның мүмкіндіктерін ескеру қажет. Бәлкім мұндай қарыз суммасының жиналып қалуы-банкроттықпен, құлдыраумен байланысты болуы мүмкін. Бізге берілгенінде екі компанияның жағдайы туралы мұндай ақпарат берілгендіктен, шешім қабылдау қиынырақ. Сол себептен мен сотқа жүгіну тәсілін ең тиімді деп санаймын. Мәселенің анық қанығына жетіп, заңды түрде шешім қабылдануы керек. Қарызды қайтарудың шекті уақыты орнатылып, белгіленген уақытта қарыз қайтарылмаған жағдайда үстеме пайыз қосылу шартын қойылу керек.

Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации