Дипломный проект - Модернизация телефонной сети села Егиндибулак Карагандинской области (на казахском языке) - файл n1.doc

Дипломный проект - Модернизация телефонной сети села Егиндибулак Карагандинской области (на казахском языке)
скачать (771.3 kb.)
Доступные файлы (13):
n1.doc142kb.17.03.2009 09:17скачать
n2.doc328kb.20.03.2009 05:40скачать
n3.doc426kb.20.03.2009 01:28скачать
n4.doc161kb.20.03.2009 03:02скачать
n5.doc38kb.20.03.2009 05:58скачать
n6.doc104kb.20.03.2009 05:44скачать
n7.doc25kb.20.03.2009 05:44скачать
n8.doc35kb.20.03.2009 01:28скачать
n9.doc62kb.20.03.2009 05:43скачать
n10.doc458kb.14.03.2009 22:27скачать
n11.doc64kb.20.03.2009 05:36скачать
n12.doc30kb.14.03.2009 07:08скачать
n13.doc37kb.14.03.2009 07:22скачать

n1.doc



1 Дипломдық жоба бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу және техникалық шешімдерді іске асыру сұрақтары
1.1 Есептің қойылуы
Қазіргі уақытта байланыс құралдарындағы әртүрлі түрдегі ақпарат көлемдерінің сапасы мен сеімділігіне жоғары талаптар қойылуда. Қойылған мәселені шешуді, электронды- цифрлы АТС-ларды кеңінен енгізу есебінен шешу байқалады, яғни олар станция арасына байланысты ұйымдастыруға және телефондық желілерді тұрғызуға мүмкіндік береді.

Осы дипломдық жобада Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылының телефон желісін жетілдіру сұрақтары қарастырылған. Мәселені шешу үшін, берілген дипломдық жобада аталған облыстың Егіндібұлақ ауылындағы координатты АТСК-100/2000 станциясын цифрлық станция жабдығына алмастыру жолы қарастырылады. Жобада осыған байланысты станция аралық байланыс жолы да жетілдіріліп, болашақта жергілікті желідегі абоненттік жолдарда жаңарту сұрақтары да қарастырылуы керек.

Бұл есепті (мәселені) шешу кезіндегі бастапқы мәндер келесілер болып табылады:

а)байланысты ұйымдастыру, істеп тұрған желіні талдау, жобаланып отырған коммутациялық, станцияаралық бағыттауыш жүйелеріне шолу жүргізілді;

ә) телефондық жүктеменің қарқындылығын есептеу;

б) ИКМ қосылу жолының кіріс және шығыс санын есептеу;

в) қажетті жабдықтың көлемін есептеу;

г) станцияаралық байланыс жолдарын жетілдіру сұрақтары қаралады;

ғ)станцияаралық байланыс жолдарының жабдықтары жөнінен ұсыныстар жасау;

ғ) жетілдірілген желінің жұмыс істеуіне қажетті арнайы сұрақтарды қарау;

д) еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі сұрақтарын қарастыру;

е) экология және қоршаған орта сұрақтарына мән беру;

г) жобаның техника-экономикалық сараптамасын жасау.
1.2 Егіндібұлақ ауылының телефон желісінің жалпы талдауы
Егіндібұлақ ауылы - Қарағанды облысында орналасқан. 1996 жылға дейін дербес аудан орталығы ретінде саналған, кейін Қарқаралы ауданымен біріктірілген. Қазіргі аудан орталығы - Қарқаралы қаласы. Егіндібұлақ ауылынан облыс орталығы Қарағанды қаласына дейін 360 км, ал Қарқаралыдан Егіндібұлақ ауылына дейін арақашықтық шамамен 65-70 км құрайды. Қазір Егіндібұлақ ауылында он бес мың, ал жалпы бұрынғы аудан көлемінде қырық бес мың адам тұрады.

Егіндібұлақ біріктірілген телекоммуникация торабының ғимаратты 1975 жылы салынды. Бұл ғимаратта АТС, линиялы - аппараттық зал (ЛАЗ), телеграф және сөйлесу пункті, сонымен бірге басқару аппараты жәнеде басқа қызметтер түрлері орналасқан.

Егіндібұлақ телекоммуникациялық ауылдық торабында орнатылған орталық аппаратура (АТС) түрі - АТСК 100/2000 1986 жылдан бері қолданыста. Бұл АТС-тің жалпы сыйымдылығы - 1000 нөмір. Негізгі жұмыс істеп тұрған абоненттер саны - 985.

Линиялы-аппараттық залда (ЛАЗ) ауылдық және қалааралық байланыс аппаратурасы, арналарды тығыздау аппаратурасы қойылған.

Телеграф жайында электрондық телеграфты аппараттар РТА-80 және факсимильді байланыс орнатылған.

Егіндібұлақ ауылының желісі АТСК - 100/2000 және АТСК 50/200, М-200 типті цифрлы АТС-тан тұрады. Ауылдық телефондық желі бір сатылы сызбанұсқа арқылы құрылған. Мұндай, яғни радиалды құруда - шеткі станция тікелей орталық станциямен байланысады. Шеткері станциялар орталық станциямен КСПП 1х4х0,9 типті біртөрттік кабельмен және әуелік байланыс жолдары көмегімен жалғанған. Арналдарды тығыздау және мәліметтерді тарату үшін ИКМ-15, ИКМ-30С, КНК-12 аппаратуралары қолданылады. Төменгі кестеде (1.1) Егіндібұлаққа қарасты ауылдық телефон желісінің (АТЖ) туралы мәліметтер келтірілген.

1.1 кесте – Егіндібұлақ ауылдық телефон желісі туралы мәліметтер


Елді мекен

атауы


Станция түрі

Сыйымдылығы,

нөмір


Станция аралық байланыс жол түрі


Тарату (тығыздау) жүйесі

Егіндібұлақ

АТСК 100/2000

1000

МКС1х4х1,2

К-60

Қырықжылдық

АТСК 50/200

200

БСА (4мм)

ЛВК-12

Қоянды

АТСК 50/200

190

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15

Комсомол

М-200

170

КСПП1х4х0,9

ИКМ-30С

Абай

М-200

150

КСПП1х4х0,9

ИКМ-15

Нұрмақов

М-200

180

КСПП1х4х0,9

КНК-12

Мәди

М-200

185

КСПП1х4 х0,9

ИКМ-15

Тәттімбет

АТСК 50/200

120

КСПП 1х4х0,9

ИКМ-15


Енді Егіндібұлақ ауылының АТСК – 100/2000 координаттық станциясына, оған қосылатын шеткері АТСК – 50/200 және М-200 типті АТС - лар қысқаша сипаттама бере кетейік.

АТСК 100/2000 координатты автоматты телефондық станциясы ауылдық телефондық желілерді автоматтандыру үшін арналған. Бұл станция шеткі, торабтық, орталық, ведомствалық станция ретінде қолданылады. Станцияның сыйымдылығы 100-ден 2000 нөмірге дейін бола алады. Координатты АТС-тың негізгі ерекшеліктері: көп реттік қосқышта (МКС) құрылған звенолық коммутациялық блоктарын қолдану; іздеу сатысында топтық басқару құрылғысын пайдалану; қосылысты орнатудың регистрлік басқару.

Электромеханикалық АТС-дың бір түрі декадты-қадамды (ДҚ) АТС- мен салыстырғанда координатты АТС-дың артықшылықтары төмендегідей: коммутациялық аппаратураның жоғарғы беріктігі; станциялық құрал- жабдықтары бойынша пайданалу шығыны аз; сөйлесу трактісінің беріктілігі; телефондық желісін құрудағы шығынның аз болуы жәнеде басқа сұрақтар.

АТСК – 100/2000 үш түрлі сатыдан құрылған: абоненттік іздеу- АІ (АИ); топтық іздеу – ТІ (ГИ); регистрлік іздеу (РИ), сатысы.

Бір AI тағаны 100 абонентке қызмет ету үшін қолданылады. Байланысты ұйымдастыру әр іздеу блогында орналасқан басқарушы құрылғылар маркермен жүзеге асырылады.

Қазір Егіндібұлақ ауылында АТС-ға 1000 (985-і іс жүзінде) нөмір іске қосылған. Бұл станция жеке абоненттік линияларды, қосарланған телефондық аппараттар линияларын, алшақтанған абоненттер линияларын, таксофондар линияларын қосуға мүмкіндік береді. АТС-тың құрылымы әр абонентке сыртқы аймақ аралық және қалааралық байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Бұл станция үшін бір жақты байланысты бұзу жүйесі қолданылады. Станция кабельдік пен ауалық абоненттік және қосқыш линияларды қосуға есептелінген. Зуммерлі-индуктивті құрылғы тактісіз элементтерден жасалған, және айнымалы ток желісімен қоректенеді. Желі кернеуі жоғалған кезде зуммерлі индуктивті құрылғы станцияның аккумуляторлық батареясының қоректену көзіне автоматты түрде көшеді.

АТСК 50/200 станцияның ең жоғары сиымдылығы – 200 нөмір. Шекті станция жабдығы төрт тағаннан тұрады. Әр тағанда сиымдылығы 50 нөмір болатын абоненттік блок орналасқан. Әр блокқа 30 жеке абоненттік линия және 10 қосарланған телефондық аппараттар линиясын қосуға болады. Шкафтың типті тағанның биіктігі 2260 мм, орта бөлігіндегі ені 782 мм, тереңдігі 434 мм. Станция үш таңбалы және бес таңбалы абоненттік регистрлармен жабдықталған. Басқа АТС-тармен өткізгіштік физикалық линиялармен немесе ТЖ арналарымен байланысады. АТСК 50/200 станциясы АТСК 100/2000 бірге жұмыс істейді. Бұл станцияда да бір жақты байланысты бұзу жүйесі қолданылады. Станция кабельдік және әуелік абоненттік және қосқыш линияларды қосуға есептелінген. АТСК-50/200 станциясы күнделікті қызмет көрсетуді талап етпейді. Құрылғыларды дистанционды тексеру қарастырылған. Станцияның қоректену кернеуі U=60 В.

Желідегі цифрлы АТС-лар бірыңғай М-200 типті. Бұл АТС-лар Ресейдің МТА компаниясы шығарған, жаңа заман талабына лайықталып жасалған мультисервистік жүйе. М-200 ауылдық, қалалық телефон және ведомстовалық желілерде қолдануға болады.

М-200 – модульді, әмбебап цифрлық телекоммуникациялық жүйе болып табылады. Бұл қолданушыларға коммутация және дауыстық хабарлама мен деректерді беру бойынша толыққанды қызмет түрін береді. Оның негізгі ерекшелігі- тарамдалған байланыс желісін құру мүмкінділігі. Мұндай мүмкінділік оны жұмысқа пайдалану мен тұрғызу кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді.

М-200 жүйесінің негізгі функцияларына төмендегілер жатады:

- станцияның өз абонеттері арасында қосылысты түзу;

- станцияның абонеттері мен АТЖ-ң және ҚТЖ-ң абоненттері арасында қосылысты түзу;

- желіге жататын ведомствалық АТС-ң абоненттері арасында қосылысты түзу;

- қалааралық және халықаралық, аймақтық желілерге шығуды қамтамасыз ету;

- АТЖ-ң, ҚТЖ-ң қала маңы желісінен арнайы қызмет түрлеріне шығу жәнеде тағыда басқа қызмет түрлері.

М-200 жабдығының сенімділігі төмендегілермен қамтамасыз етіледі:

-жүйенің кейбір бөліктерінің конструктивті және сұлбалық сенімділік, сонымен қатар бүкіл жүйе көмегімен қамтамасыз етіледі;

- жүйеде кездесетін істен шығу фактілерін (95 %- ға дейін) бөлектеп, анықтап, алдын-ала диагностика жасау арқылы арнайы бағдарлама көмегімен іске асырады;

- жүйенің негізгі, аса маңызды бөліктерін, торабтарын резервтеу және қосарландыру. Сонымен қатар, істен шығу кезінде оның жұмысқа жарамдылығын автоматты түрде қамтамасыз ету.

М-200 жүйесі келесі қасиеттерге ие:

- әр түрлі сыйымдылықты модельдер қатары;

- конструктивті платформаның біртұтастығы;

- басқа аналогты және цифрлы АТС-мен жұмыс істеу мүмкінділігі;

- оперативті-диспетчерлі цифрлы байланысты ұйымдастыру мүмкінділігі;

- цифрлы АТС-ды алыстан қол жеткізуді ұйымдастыру және т. б.

М-200 сәулетіне келсек- ол модульді түрде құрылған, орталықтандырылмаған бағдарламалы басқару, жұмысқа техникалық пайдалану орталықтарын құру мүмкіндіктерінің болуы.

АТС-лар мен аудан орталығындағы АТС-аралық байланысты ұйымдастыруда тығыздау жүйелері ретінде ИКМ-15, ИКМ-30С, КНК-12 атты аппаратуралары қолданылады, ал облыс орталығымен байланыс үшін К-60 жабдығы қолданылады.

ИКМ-15 аппаратурасы ауылдық АТС-тар арасындағы қосқыш линияларды ұйымдастыру үшін және КСПП типті бір төрттік (1х4) кабельдерді тығыздау үшін қажет. ИКМ-15 сипаттамасы: ТЖ (тональды жиіліктегі) арналар саны -15; қызмет көрсетілмейтін (РП) регенерациялық пункт саны -7; бөліктің максимальды ұзындығы -7,2 км; байланыстың максимальды қашықтығы -50 км; дискретті хабарды тарату үшін канал саны-2; регенерация бөлігінің жарты тактілік жиілікте 352 кГц, тұрақты өшуі 37 дБ болады.

ИКМ-15 жабдығын электр қоректендіру үшін станциялық батареялар көмегімен (60 В) жүзеге асырылады. Сонымен бірге аппаратура дыбыстық тарату арнасын ұйымдастыру және дискретті ақпаратты тарату мүмкіншілігін де қарастырады.

ИКМ-30С аппаратурасының ИКМ-15 жабдығынан айырмашылығы – арна саны -30. Екеуі де алғашқы сандық жүйелерге жатады.

Сонымен қатар, АТЖ-де ЛВК-12, КНК-12 аналогты тығыздау жүйелері де қолданылады, бірақ олардың үлес салмағы аз. Алғашқысы әуелік байланыс жолдарын, ал КНК-12 кабельді тығыздау үшін қолданылады. Қазіргі таңда мұндай жабдықтар шығарылмайды, заман талабына сай емес, моральды және физикалық тозығы жеткен.

АТЖ-ң абоненттері әр түрлі станцияға қосылған. Мұндағы ТА (телефон аппараттары) бір-бірімен қосқыш линиялар арқылы байланысқан (екі және одан да көп станция арқылы қосылады). Қосқыш линия жалпы қолдану линиясы болып табылады және әртүрлі телефондық станциядағы телефондық аппараттарды қосуға қатысады. Линияның төзімді әрі беріктігі жағынан байланыстың кабельдік линиясы болып табылады. Кабельдік линияның беріктігіне келесі факторлар әсер етеді: кабельді өндіруінің ақауы, құрылыс және пайдалану, кабель төсенген трассаның жақындығы жер жұмысы кезінде механикалық әсер ету, топырақтың қысымы және ығысуы, вибрация дымқылдан қорғайтын металдық қабықшасының коррозиясы.

Сондықтан байланыстың кабельдік линиясының беріктік сатысын бағалап алу керек. Бүлінудің себептерін сараптау керек, беріктікті көтеру үшін жұмыстар жүргізу қажет.
1.3 Телефон желісін жетілдірудің қажеттілігі
Жоғарыда айтылғандай Егіндібұлақ ауылының және осы телефондық желіге қарайтын АТС-дың көпшілігі координаттық станциялардан тұрады. Телефон желісін жетілдірудің қажеттілігі ол коммутациялыќ аспаптардың ескіруі. Көп жылдық пайдалану нәтижесіндегі АТСК 100/2000 типті осы жүйелердің келесі сипаттамалық кемшіліктері белгілі болып отыр:

- іздеу механизмінде қозғалатын бөлшектер мен детальдардың қажалғандығы. Сондықтан әдеттегі жөндеуге қосымша шығындар керек болады және қызмет ету мерзімін төмендетеді;

- түгелімен АТС жүйелері тез іс-әрекеті төмендететін қозғалатын бөлшектердің үлкен инерциялық массалары;

- үлкен габариттер және құрылғының жоғарғы металлды сыйымдылығы;

- өлшеу аспаптардың қажалуы АТС-тегі барлық жүйелерінің жұмыстары тоқталуына әкеліп соқтырады;

- аккумуляторды ауыстыруды талап етеді;

- заман талабына сай қосымша қызмет түрлерінің жоқтығы.

Ауылдық телефондық желіде станцияаралық бағыттарда арналар санының аз екенін, және абонентердің станциялардан алшақ орналасқанын ескерсек, бұл желіні жетілдірудегі ең тиімді шешім ол цифрлық беру жүйелерін қолдану. Бұл шарттарда үлестірімді басқарумен жұмыс істейтін станциялар, интеграцияның жеңілдігін қамтамасыз етеді. Бұл кезде байланыс құрылғылары жалпы техникалық принциптермен, құралған бір комплекске біріктіріледі.

Ауылдық телефон желісінің талаптарын ескере отырып коммутацияның цифрлық жүйелерінің артықшылықтарын келтірейік:

- электромеханикалық станциялардың бастапқы шығындары өте төмен, бірақ сыйымдылық бірлігіне есептегенде бұл станциялардың меншікті бағасы өте үлкен болады. Бағдарламамен басқарылатын квазиэлектрондыќ жүйелер өте үлкен бастапқы шығындар талап етеді, бұл басқарушы комплекс бағасының үлкендігімен түсіндіріледі, бірақ бағаның келесі өсуі үлкен емес. Үлестірілген басқарылымды цифрлық құрылғылардың бастапқы шығындарыда аз, және кейінгі сыйымдылықтың өсуіне кететін шығындарда аз. Мұндай жүйелер қосымша қызмет көрсетулерді есептемегенде де сыйымдылығы 100 абоненттен бастап, ең тиімді жүйелер болып табылады;

- абонентке жаңа қызмет көрсетулер ұсынылып ол мұндай станцияның жоғары бағасына қарамастан оған қызығушылық танытады;

- мұндай станцияның тағы бір артықшылығы, ол пайдаланушылардың талаптарын іске асыру үшін екі негізгі режімде жұмыс істеуі олар концентратор, және станция ретінде;

- модульдік құрылымы, бұл кезде ақпараттық бөлім функционалды аяқталған модуль болып бір контейнерге жиналады, осының арқасында станция сыйымдылығын блоктап өсіру мүмкіндігі туады, және көп қаржы талап етпейді;

- басқару функциялары бір-бірімен әсерлесетiн процессорлар арасында үлестірілге, тығыздығы төмен аудандарда мұндай жүйе абонентерге қызмет көрсетуді өте тиімді етеді.

- коммутациялық құрылғылармен беруші жүйелердің жоғары сапасы, бұл болса құралдарды пайдалануға кететін қаржы көлеміне тура пропорционалдық тәуелділікте болады, және де бұл алшақтанған абоненттермен байланысты жоғары сенімді етеді.

Жаңа технологияға көшу мынадай қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

- элементтік база сенімділігін арттыру;

- бағдарламалық басқару арқасында ақауларды автоматты түрде бақылау құрылғыларын істеуге мүмкіндік береді;

Ақауды жай ғана блокты ауыстырумен жөндеуге болады, ал бұл жұмыскерлердің арнайы дайындығын талап етпейді.

Дипломдық жобаның мақсатына байланысты коммутациялық жүйенің (АТС) жетілдірілуіне сәйкес, Егіндібұлақ пен Қарқаралыны жалғайтын станцияаралық байланыс жолдарын ауыстыру тиіс болып отыр. Мұндағы аналогты тозығы жеткен К-60 тығыздау жүйесімен МКС1х4х1,2 кабелі көмегімен жабдықталған трасса 1975 жылдан бері жұмыс істеуде, 1996-1997 жылдары күрделі жөндеуден өткен. Он жыл көлемінде бірнеше рет К-60 аппаратурасының кейбір функциональды бөліктерінің істен шығу фактілері орын алған. Соңғы тексеру жұмыстарының қортындысына сәйкес бұл тығыздау жүйесін және магистральды кабельдің ауыстырудың кезек күттірмейтінін көруге болады.
1.4 Коммутация, тығыздау және байланыс жолдарының сипаттамаларын салыстыру және тиімдісін таңдау
1.4.1 Коммутация жүйелері
Жоба соңындағы кестеде қазіргі кезде кең қолданыстағы коммутациялық цифрлық жүйелердің негізгі параметрлері берілген, ал олардың аналогты АТС-ның артықшылықтары жобаның 1.3 бөлімінде жақсы келтірілген [Қ.А.].

Кестеде келтірілген коммутациялық жүйелердің ішінен ең тиімдісі болып Словениялық IskraTel фирмасының SI-2000 жабдығы болып табылды. Бұл жабдықты таңдағандағы негізгі себептер төмендегідей:

-қол жеткізімді бағасы;

-елімізде, облыста, ауданда бұл жүйенің кең қолданыс табуы;

-ауылдық желілерде кең қолданылуы;

-аналогты және цифрлы АТС- мен жұмыс істеу қабілеттілігі;

-кең ауқымдағы қосымша қызмет түрлерінің болуы;

-елімізде Словениялық бұл фирманың тұрақты өкілділігінің болуы;

-облыстық телекоммуникациялық Дирекциясында SI-2000 жабдығы бойынша оқу-консультациялық курстердің болуы және де т.б.

1.4.2 Цифрлық тығыздау жүйе стандарттары
Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату (тығыздау) жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр. Осы электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің алатын орны 1суретте келтірілген [Қ.Б.].

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия) және ATM. Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH, SDH кең қолданыс тапқан.Сондықтан жобада осы екі жүйе ғана қарастырылады.
1.4.2.1 PDH технологиясы
PDH бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік Америкалық, Жапондық және Еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік жылдамдығы ретінде 2048 Кбит/с жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц жиілікпен алынған сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен кодаланып (квантталып), 8 кГц*8 бит=64 Кбит/с-на тең болғандағы цифрлық сигналдың аты) ақпараттық 30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және басқарушы ақпаратпен бірге жинаған кездегі нәтиже. Ал АҚШ-та, Канадада және Жапонияда 30 арнаның орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбит/с-на тең біріншілік жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH) деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей болмады.Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет болды.

PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:

-аралық пункттерде цифрлық ағындардың кіріс/шығысының қиын болуы;

-желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының болмауы;

-синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ уақыт қажет етті.

PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация құралдарының болмауын жатқызуға болады.

Синхронды оптикалық-талшықты желілердің стандартталуының қажеттілігі тек плезиохронды желілердің кемшіліктері анық болған кезде және SDH үшін жабдықтарды өңдеу мен ендіру толығымен жүріп жатқан кезде туды. Келесі бөлімде SDH- технологиясының пайда болу тарихы мен ерекшеліктері берілген.
1.4.2.2 SDH технологиясы
Телекоммуникациялық операторлар бұл жағдайды бірінші түсінді. Әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын сәйкестендіру үшін жасалынған қадамдар оңтайлы нәтижелерге әкелген жоқ. 1984 жылдың басында АҚШ-та тарату жүйелерінің сәйкестендірілуі бойынша Форум болды, ол Америкалық Ұлттық Стандарттар институтына (ANSI) оптикалық-талшықты желілер бойынша синхронды тарату үшін арнайы операцияларды тезірек қабылдау туралы өтінішін білдірді. Бұл стандарттаудың мақсаты- әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын оптикалық интерфейстер деңгейінде орайластыру. Бұл мәселе ANSI-ң екі комитетінің: цифрлық иерархия синхронизациямен жұмыс істейтін Т1Х1, сонымен қатар желілік әкімшілік басқару мен жұмысқа пайдалану сұрақтарын шешетін Т1М1-ң алдына қойылды. Бұл комитеттердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде 45 Мбит/с тарату жылдамдығына негізделген SYNTRAN деп аталынатын стандарттың алғашқы нұсқасы жасалынды. Алайда уақыт өтісімен, өндірушілер жаңа жүйелерді ойлап тапты. AT&T компаниясы ең жаңа технологиялар негізінде METROBUS жүйесін ойлап шығарды, оның тарату жылдамдығы енді 150 Мбит/с құрады. 1985 жылы Т1Х1 комитеті Bellcore компаниясының ұсынысымен оптикалық интерфейспен қатар сигналдың форматы мен оның тарату жылдамдығын анықтайтын, синхронды желі концепциясына негізделген (SONET, Synchronous Optical Network) бір бүтін ретінде стандартты шығару шешімін қабылдады.

Бұл стандарттау сатысында Еуропалық институттар SONET-ке айтарлықтай қызығушылықты көрсетпеді. АҚШ пен Еуропада тарату жылдамдықтарының иерархиялары сәйкесінше Т1 (1,544 Мбит/с) және Е1 (2,048 Мбит/с) деп аталатын сигналдардың әртүрлі негіздік жылдамдықтарына негізделді. Осындай кертартпалық өсіп кетпеуі үшін синхронды тарату стандарттарының даму кезеңдерінде Еуропаның қатысуы қажет болды. Алайда, Еуропаның қызығушылығын тудыру тек SONET-2-Мегабитті иерархия стандартын қолдаумен ғана мүмкін болды. 1986 жылы жазда МККТТ (қазіргі уақытта ITU-T) жағдайды реттеу үшін екі жақты да, яғни Еуропалық иерархияны да, Америкалық иерархияны да қолдай алатын бір стандартты шыығару керек деп шешім қабылдады. 1986 жылдың шілдесінде МККТТ-ң 17 жұмыс тобы синхронды цифрлық иерархияның (SDH) жаңа стандартын шығару үшін жұмысын бастады. Ұсыныстарды орайластыру үшін бір жарым жыл уақыт кетті. 1988 жылы ақпанда Т1Х1 комитеті МККТТ-ң SONET стандартын өзгерту мәселесі бойынша ұсынысын қабылдады. 18 жұмыс тобы SDH-ке қатысты үш ұсыныс қабылдады:

-G.707- SDH-ң базалық жылдамдықтары;

-G.708- SDH торабының желілік интерфейсі;

-G.709- синхронды мультиплекстеудің құрылымы.

Дәл осы ұсыныстар SDH жүйелерінің стандартталуының осы күнге дейін жалғасып келе жатқан егжей- тегжейлі үрдісіне бастау болды.

SDH иерархиясының тарату жылдамдықтары 1.2 кестеде келтірілген.
1.2-кесте - SDH-иерархиясының тарату жылдамдықтары

SDH деңгейі

Мәліметтер тарату жылдамдығы,

Мбит/с

STM-1

155,520

STM-4

622,080

STM-8

1244,160

STM-12

1866,240

STM-16

2487,320


1.4.2.3 Тиімді технолгияны таңдау
SDH жүйесінің РDH жүйесінен негізгі ерекшелігі – мультиплекстеудің жаңа принципіне өту болып табылады. PDH ағындарында түзетуші биттердің бар болуы – оны құрайтын компоненттерін ағыннан тікелей бөліп алуды мүмкін қылмады. РDH жүйесі плезиохронды (немесе жартылай синхронды) мультиплекстеу принципін қолданады, оған сәйкес, мысалы төрт Е1 (2048 кбит/с) ағынын бір Е2 (8448кбит/с) ағынына мультиплекстеу үшін стаффинг әдісімен келетін сигналдардың тактілік жиіліктерін тегістеу процедурасы іске асады. Нәтижесінде демультиплекстеу кезінде берілген арналарды қалыпқа келтірудің қадамдық үрдісін іске асыру қажет. Мысалы, сандық телефонияның екіншілік желілерінде Е1 ағынын пайдалану анағұрлым кең тараған. Осы ағынды Е3 күре жолынан РDH желісі бойынша тарату кезінде ең алдымен Е1-Е2-Е3 қадамдық мультиплекстеу, ал содан кейін Е1 арнасын бөліп шығаратын әрбір пунктте Е3-Е2-Е1 қадамдық демультиплекстеуді жүргізу қажет. Ал кіріс/шығысты ұйымдастыру үшін де үш деңгейлі демультиплекстеу, сосын үш деңгейлі мультиплекстеу қажет болды (2 сурет) [Қ.Б].

PDH жүйелерін мәліметтерді тарату желілерінде пайдалану - көптеген мультиплексорларды қажет етеді, ол өз кезегінде желіні қымбаттатып, оны пайдалануды күрделендіруі айқын.

SDH жүйесінде мультиплекстеу/демультиплекстеу синхронды іске асады, бұл SDH желісінде таралатын РDH арналарына тікелей қол жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

PDH технологиясының SDH технологиясына қарағанда көптеген кемшіліктері бар және жобада қарастырылып отырған Егіндібұлақ Қарқаралы ауданына қарайтындығына байланысты (Қарқаралыдан Қарағандыға цифрлы радио релелік SDH технологиялы жабдықтар қолданылады), желінің біртектілігін сақтау мақсатында негізгі тиімді технология ретінде SDH – технологиясы таңдалады.
1.4.3 Байланыс жолдары
Станцияаралық байланыс жолдары ретінде әртүрлі жолдар, яғни орта қолданылуы мүмкін. Төмендегі кестеде солардың сипаттамалары берілген (кесте 1.3.).
Кесте 1.3– Әртүрлі байланыс жолдарының сипаттамалары


Бағыттауыш

жүйелері

Жоғалтулар

Сыртқы

өріс

Жиіліктік

ауқым



Арна саны

Бөлімше

ұзындығы, км

Симметриялы кабель

Металлда

бар

105 Гц

100

5-20

Оптикалық кабель

Диэлектрикте

жоқ

1013-1015 Гц

100000

30-100

Коаксиальды кабель

-

жоқ

до 108 Гц

1000-5000

3-6

Радиорелелі байланыс

Атмосферада

бар

ГГц

**

50-200

Спутниктік байланыс

Атмосферада

бар

ГГц- МГц

**






** Ескерту: Арна саны жабдықтың мүмкіншілігіне байланысты.
Кестеден (1.3) көріп отырғанымыздай Егіндібұлақ пен Қарқаралы арасында ең тиімді байланыс жолы болып- оптикалық кабель таңдалады, себебі:

-кабель трассасын салудың қажеті жоқ (бұрынғы МКС кабелінің жолы бойынша);

-регенерациялық пунктерді салудың қажеті жоқ (бұрынғы К-60 аппаратурасының күшейту пунктерінің орын-жайлары бойынша);

-ауданда оптикалық кабельді техникалық жұмысқа пайдалануға машықтанған техниктер мен жұмысшы кадрлері бар;

- оптикалық кабельдің кең ауқымдылығы іс жүзінде дәлелденген.

1.5 Қортынды
Сонымен Қарағанды облысына қарасты Егіндібұлақ ауылының телефон желісін жетілдіру үшін келесі жұмыстар атқарылуы керек:

-орталық станция фукнциясын орындайтын АТСК 100/2000 жабдығын демонтаж жасап, оның орнына қазіргі заман талабына лайық, болашақта мультисервистік желі құру мүмкіншілігі бар SI-2000 (Iskratel) коммутациялық жүйесі жабдығын орнату;

-оның абонентерін және шеткері станция абонентерін толығымен жаңа станция қайта қосу жұмыстарын іске асыру;

-Егіндібұлақ пен Қарқаралы арасындағы станцияаралық байланыс жолдарын, аз капиталды шығындарға және техникалық тұрғыдан қиындықтар туғызбайтын жүйені таңдау;

-тығыздау жүйесі Қарқаралыдан-Қарағанды бағытында жұмыс істейтін аппаратурамен біртекті болуын қамтамамасыз ету;

-станцияның сыйымдылығының артуына байланысты қажетті абоненттік желі сыйымдылығын қамтамасыз етудің ұсынысын жасау.




1 Дипломдық жоба бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу және техникалық шешімдерді іске асыру сұрақтары
Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации