Дипломная работа - Модернизация участка зоновой сети на базе ЦРРЛ - на казахском языке - файл n1.doc

Дипломная работа - Модернизация участка зоновой сети на базе ЦРРЛ - на казахском языке
скачать (538.8 kb.)
Доступные файлы (1):
n1.doc1825kb.23.05.2006 15:48скачать

n1.doc

  1   2   3




Кіріспе
Соңғы үш онжылдықта электрониканың жетілуіне байланысты және дециметрлік пен сантиметрлік диапазондарындағы толқындары кеңінен игеруге байланысты радиорелейлік линия байланысы дамыды.

Тура көру радиорелейлік линия көмегімен, көпарналы телефон сигналдарын аналогты және цифрлы түрде және телевизиялық сигналдарды дыбыстық ілесі жүру сигналдарымен қоса тартады.

Цифрлық радиорелейлік линияның бөгеуілге қарсы тұрушылығы өте жоғары, сигналдарды жоғары санамен тарататын цифрлық жүйе, сонымен қатар оның экономикалық тиімділігі де жоғары.

Дипломдық жобада Қарағанды облысының, Қарқаралы аудандық телекоммуникациялық торабта цифрлық радиорелейлік жүйе «PASOLINK» NEC Corparation көмегімен байланыс ұйымдастыру қарастырылады.

«PASOLINK» жүйесі тар жолақты жаңа техникалық қондырғы, құрамында дистанциялық қызмет көрсетуі бар, автоматты режимде және 7/8/13/15/18/23/26/28/38 ГГц радиожиіліктер диапазондарында жылдамдығы 34 Мбит/с болатын, бірнеше пункттер арасында цифрлық байланыс орнатады.

Есептеу бөлімінде тура көру цифрлық радиорелейлік линиялық жүйе құрамына негізгі үш бөлім кіреді. Олар: антенналарды ілуін есептеу, байланыс тұрақтылығын есептеу және энергетикалық есептеулер.

Сол сияқты дипломдық жобада Қарқаралы аудандық телекоммуникациялық тарабтарда жоғары класты байланыс цифрлы қосқыш линиясын орнату мәселесі шешіледі.
1 Қарқаралы ауданының негізгі сипаттамалары
1.1 Географиясы
Аудан орталығы – Қарқаралы.

Қарқаралы ауданы Қарағанды облысының солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 280 кв.км. Негізгі бөлігін жазық дала, игерілмеген бос жерлер алып жатыр. Солтүстікте таулы жерлер, ал оңтүстігінде егістік жерлер орналасқан.
1.2 Тұрғылықты халқы
Ауданда бар жоғы 28 мың халық тұрады, оның алты мыңға жуығы аудан орталығында тұрады.

Ауданда мал шаруашылығы фермалары жақсы дамыған, оның көпшілігі ірі қара және ұсақ малдар. Аудан аумағында екі мыңнан астам ірі және ұсақ жеке шаруашылықтар бар. Аудан елімізде жер асты және жер үсті байлықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар өндірістер, балық шаруашылығы, рудалар, химиялық өндірістер де бар.Қарағайлыда алтын өндіретін «Абыз» рудасы бар.
1.3 Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған желісі.
Қарқаралы-Қарағайлы бөлімі Қазақстанның оңтүстігінен солтүстік шарында орналасқан. Бұл аймақтың прунты құмды, балшықты, таулы болып келеді.

Қазіргі кезде бұл жерлерде DRX-4, М-200 сияқты станциялар, ал станция аралық байланыс әуелік ВО-12-2, КНК 12, аппаратуралармен істеп тұр. Қолданылатын сым түрі биметал болып келеді.

ВО-12-2 аппаратурасының құрамы: кірістік құрылғыдан, қызмет көрсететін пунктен; қызмет көрсететін күшейткіш 2-3 жиілікті автоматты реттегіш құрылғыдан; линиялық трактіден, біріншілік және екіншілік түрлендіргіш топтан; генераторлық құрылғыдан, одан линиялық контрольды жиілік түзіледі; дистанциялық қоректендіруден; телемеханика; телеконтролдан тұрады.

Қазіргі кезде Қарағанды облысында негізінен цифрлы радиорелейлік құрылғылар, автоматтандыру және сол жерде өндірілетін көмір шаруашылығын көбейту үшін өзінің ішкі байланысы болғаны тиімді. Мұндай байланыс сол аймақтың барлық қажалатынан шығарады.

Осы облыста істен тұрған байланыс толығынан сол жердегі сұранысқа сай келмейді, сондықтан да Қазақтелеком байланысшыларының алдында үлкен жүктеме беріліп отыр, сол жердегі телекоммуникациялық байланысты жетілдіру, яғни жаңалау, жаңғырту керек. Қарқаралы ауданының қазіргі кездегі істеп тұрған желісі Қосымша А да келтірілген.
1.4 DRX – 4, М-200 станцияларына қысқаша мінездеме
DRX-4 байланыстың жаңа технологиясы көмегімен өндірілген сандық телефондық станция. DRX-4 сандық телефондық станция ауылдар, қала типті ауылдар және кәсіпорындар үшін арналған. Цифрлық телефондық станциясы DRX-4 МККТТ стандартына сәйкес және шеткі транзиттік, орталық мекемелік станция ретінде пайдалануға болады. Жаңа цифрлық телефондық станция DRX-4 әртүрлі АТС-термен байланысқанда ИКМ принципі бойынша жүзеге асырылады. Станцияның модульдік құрылуы бар. Бұл модульдік құрылу станцияның сиымдылығын арзан және жеңіл көбейтуді қамтамасыз етеді. Әрбір стативте төрт модульдан болады. Үлестірілген процессорлық басқару көмегімен жүйенің сиымдылығы бір стативтен сегiз стативке дейін жеңіл енгізіледі. Сонымен қатар жүйенің конструкциясы станцияаралық АЛ және ҚЛ-ны үш икемді үлестіруді жібереді. Бір стативте аналогты-цифрлық ҚЛ және АЛ-ны іске асыруға болады. Жүйенің барлық функциялары жадыда, өзгеретін бағдарламаға сәйкес іске асырылады. DRX-4 цифрлық телефондық станцияның ең көп сиымдылығы: 3000 нөмір, 300 сандық ҚЛ немесе 3840 абонентке 384 аналогтық ҚЛ. DRX-4 цифрлық телефондық станцияны іске енгізу кезінде абоненттерді қалаға шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін қолданылатын қолдық каналдар автоматты түрде істен шығып қалады. DRX-төрт сандық телефондық станция гелий аккумуляторымен қоректенеді. Станция терморегулятор көмегімен бөлмеде қажетті температураны автономды ұстап тұрады. DRX-4 сандық телефондық станцияда сервисті қызмет көрсету мүмкіндіктері бар. Мысалы: будильник тәртібі. Бұл кезде телефон бойынша кодты тергенде қоңырау уақытын жадыға салып қою мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге белгілі бір мезетте сізге қажетті нөмірді қосуды бағдарламалау, сіз тек қана кодпен қажетті манипуляцияны жүргізесіз, ал қалғаны автоматты түрде іске асырылады. DRX-4 сандық телефондық станция өзіне-өзі қызмет көрсетеді. Станция ішінде жұмыс тәртібін тексеретін компьютерлік начинка бар. Электр энергия сөнген кезде немесе желіде кернеудің секіруі кезінде, бұл ауылдық жерлерде сипатты, автономды қоректену жүйесі іске қосылады. Станцияның биіктігі 2100 мм, ені 870 мм, тереңдігі 580 мм, салмағы 350 кг.(бір статив үшін), ауданы 0,48 м2. Сондықтан телефондық нөмірге қызмет ету көлемін кеңейтуге болады. Енді абоненттер үшін қосымша қызмет етуін қарастырып кетейік. Олар: шақыруды бағыттау, терілген нөмірді автоматты қайталау, қысқа теру, "Бос емес" кезінде кері теру, кірістік байланысқа тиім салу, күтуде шақыруды орнату, 3 абоненттің конференц-байланысы, кедергі жасау.

Станция қызмет етуінде ерекше талаптар қоймайды, бірақ қажетті нормаларды бақылау керек. Олар қоршаған ортаның температурасы, дымқылдық, бөлме тазалығы деген көрсеткіштер. Тағандағы модульдерге көңіл бөліп кетейік. Тағанның жоғарғы бөлігінде шақырушы генератор және бақылау блогы орналасқан. Тағанның қалған бөлігі перифериялық бақылау платадан тұратын 4 модульге бөлінген.

а) Перифериялық плата (абоненттік, каналдық, VTR, қосқыш плата);

ә) Қадағалау платасы (МХС модульдер байланысы және бақылау платасы, GNS желісі және топтың коммтация платасы, цифралық қосқыш линия платасы).

Станция әрбір модульде орналасқан МХС және GNS плата бақылаудың үлестіру жүйесімен жұмыс істейді. Жүйеде қолданылатын жады құрылғысы қатты дискіде барлық абоненттік қоңырауларды тіркейді, оларды жүйелендіреді және жазбаша түрде таратады. Абоненттік жүйесі және станцияаралық линиясы бар кезінде аналогты және цифралық станцияаралық ағындарды және бір тағанда абоненттік линияларды біріктіруі мүмкін. NETAS фирмасымен шығарылатын KEBAN құрылғысымен қамтамасыз етілетін жүйенің жұмысы үшін қажетті кернеу-48 V. Әрбір модульде орналасқан қуатты түрлендіргіш платасымен өндірілетін (PRG) бақылау және алып салынатын платаның жұмысы үшін қажетті кернеу 12V және 5V. DRX-4 цифрлық телефондық станцияның өзінің техникалық ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктеріне көңіл бөлейік.

Технологиясы: жазылған бағдарлама, үлестірілген басқару; коммутация; МККТТ стандарты.

Импульсті-кодалық модуляция (ИКМ) 2048Мбит/с МККТТ стандарты бойынша өлшеу.

Номинальды кедергі: 600 Ом. Бос каналдың шуы: Псофометрикалық шу: ? -65 дБ моп.

Бір жиіліктің шуы ?-50 дБ моп.

Аспаптың шулық эффектісі ?-75 дБ моп.

Импульстік шу: -35 дБ моп. бестен аз табалдырық деңгей кезінде; Бейнеленген сигналдың әлсіреуі: Номиналды кедергі кезінде 300-600Гц жиілікте 12дБ әлсіреуі. Гармоникалық құрушылар –10 дБ моп және 300-3400 Гц кезінде кірістік сигнал үшін негізгі гармоникадан төмен орналасқан екi және үш гармоника;

Сыртқы модуляция: 35 дБ.




Сурет 1.1 - DRX-4 коммутациялық жабдығының негізінен толық

сипаттамасының архитектурасы

М-200 байланыстың жаңа технологиясы көмегімен өндірілген сандық телефондық станция. М-200 сандық телефондық станция ауылдар, қала типті ауылдар және кәсіпорындар үшін арналған. М-200 цифрлық телефондық станциясы МККТТ стандартына сәйкес және шеткі транзиттік, орталық мекемелік станция ретінде пайдалануға болады. Жаңа цифрлық телефондық станция М-200 әртүрлі АТС-термен байланысқанда ИКМ принципі бойынша жүзеге асырылады. Жүйенің архитектурасы модульденген құрылымды. Бұл модульдік құрылу станцияның сиымдылығын арзан және жеңіл көбейтуді қамтамасыз етеді.

М-200 станциясының функцианалдық қызметі әр модульдерге бөлінген, яғни байланысты жылдамда дұрыс қосуды және сенімді қызмет көрсетуге себеп болады. Барлық жүйедегі модульдер орталық коммутациялық өрістегі (GSM) генератордан синхрондалады. М-200 станциясы жазылған бағдарлама көмегімен басқарылады.Жүйенің бағдарламасы магниттік таспада сақталады, ал станцияны іске қосқанда модульдердің сақтау жадысына керекті ақпараттар жіберіледі.Бұл функция администраторлық модуль (ADM) арқылы жүзеге асады.
1.2 Жобалаудың қажеттілігі
Бұл жобада негізгі проблема жоғарыда айтылғандай станцияаралық бағыттағы байланыста ВО-12 аппаратурасы жұмыс істейді, бұл аудандағы рудалардың іске қосылыуы, президентіміздің ауылды көтеру бағдарламасына сәйкес ауылдағы халық санының күрт артуына байланысты халықтың байланысқа деген сұранысын қанағаттандырмай отыр. Сол себепті бұл проблеманың шешімін қарастырып отырған ауылдардың географиялық орналасуына байланысты жылдамдықты радиорелелік цифрлық беру жүйелері көмегімен шештім. Бұл шарттарда үлестірімді басқарумен жұмыс істейтін станциялар, интеграцияның жеңілдігін қамтамассыз етеді. Бұл кезде байланыс құрылғылары жалпы техникалық принциптермен, құралған бір комплекске біріктіріледі
1.3 Жобаның негізгі мақсаты
Жоба алдына қойылатын негізгі мақсат, станция аралық байланысты цифрлық радиорелейлік линия (ЦРРЛ) арқылы технико-экономикалық тиімді, қазіргі кездегі барлық нормаларға сай радио байланысты тарату сапасы жоғары етіп жобалау.

Жобаланатын ЦРРЛ қызмет көрсету жағынан аудан тұрғындарының барлық қажетіне тиімді болуы керек. Яғни абонент ауданның қай бұрышында болмасын байланыс қызметінің жоғары сапалы болуын қалайды.

Сонымен қатар, байланыс қызметінің сапалы болуы, оның ауыл аумағында орнату шығыны аз, әрі оңай болуы тиіс.
1.4 Топология таңдау.
Қазіргі кезде қосылу топологиясының бірнеше түрлері бар. Ең алдымен, қазіргі кездегі тепологиялардың барлық түрлерін және оларды таңбалаудағы артықшылықтарын міндетті түрде қарауымыз керек. Желіні толығымен жобалау үшін бірнеше этаптардан өтіуіміз керек. Бұлардың әрқайсысында жобалау барысында қойылған функционалды есептер шешіледі. Соның бірі желі топологиясын таңдау, көрсетілген топологияға сәйкес желі түйіндегі жабдықты таңдау, желіні басқару және синхронизациялауды формалау болуы мүмкін. Осылардың бірінші болып желі топологиясын таңдау есебі табылады.

Топология түрлері:

- Нүкте – нүкте;

- Сызықты тізбектелген;

- Жұлдызша;

- Сақина.

Жоғарыда келтірілген топологиялардың әр қайсысының өзіндік қасиеттерін қарастыра отырып, бұл жобада қарастырып отырған Қарқаралы – Қарағайлы елді мекендерінің географиялық орналасуларын ескере отырып «жұлдызша» тәріздес топологиясын таңдауды жөн көрдім.


Сурет 1.2 «Жұлдызша» топологиясының
1.5 Станцияаралық желіні ұйымдастыру
Цифрлық радиорелейлік тарату жүйелері (ЦРТЖ) магистральды, аумақішіндік және жергілікті желілерде жұмыс істейді.

ЦРТЖ көмегімен тарату арналары мен топтық арналар ұйымдастырылады.

Жалпы ақпараттарды тарату жүйесі құрамында жұмыс істей отырып, бір терминал мен «ақпараттарды сымсыз линия арқылы тарату» линиясы қызметін атқару, төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады:

Сонымен қатар, РРЛ радио жиіліктер пайдалану, тарату желілерін ұйымдастыру кезінде олардың тиімділігін арттырады. Талшықты оптикалық байланыс линиялары (ТОБЛ) мен РРЛ-ды салыстырсақ олардың келесідей артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

Жоғарыда берілген техникалық сипаттама бойынша және коммутациялық жабдықтарды жобалауда қолданылатын құжаттар негізінде Қарқаралы Қарағайлы бөліміне жобаланатын радиорелелік байланыс желісінің құрылымдық сызбанұсқаны келесідей ойластырдым. Ол сызбанұсқа келесідей болады.


Сурет 1.3 – Қарқаралы-Қарағайлы бөліміне жобаланатын радиорелелік PASOLINK станцияларының құрылымдық сызбанұсқасы.
Ал станцияаралық желінің радиорелелік PASOLINK арналарын ұйымдастыру сызбасы Қосымша Ә де келтірілген.


2 ЦРБЛ құрылғысын таңдау
2.1 Радиобайланыс жүйелерін сұрыптау
Біріншілік желінің тұрған жеріне байланысты Қарқаралы-Қарағайлы бөлімі зоналық аймаққа жатады. Зоналық (аймақішіндік) цифрлы радиобайланыс линиясы (ЦРБЛ) – орта сиымдылықты линиядан, сол сияқты Технологиялық РРЛ-дан тұратын құрылғы, электр тарату линиясын, темір жол транспортында, көмір өндіруде кеңінен қолданылатын технологиялық байланыс орнатуға болады. Қазіргі РРЛ әртүрлі жиіліктік диапозандарда 0,1-ден 15 ГГц жұмыс істейді. Радиорелейлік станциялар функционалды белгісіне байланысты, торабтың, соңғы және аралық байланыс бөлінеді.

Қазақстанда қазіргі кезде көптеген шетел компанияларының цифрлық радиобайланыс құрылғылары бар. Сол компания құрылғыларының негізгілері «NEC», «Ericsson», «Alcatel», «Nokia», «Siemens», «Радан».

Солардың ішіндегі NEC корпорациясының PASOLINK құрылғысы жоғарыда келтірілген РРЛ-ға қойылатын барлық талаптарға сай. Қазақстан байланыс саласында Қарағанды облысының таулы аудандарында жұмыс істеуге ыңғайлы байланыстың кең тараған түрі.
2.2 «PASOLINK NEC» цифрлық байланыс жүйесі
«PASOLINK NEC» байланыс жүйесі жергілікті желілерде сапалы байланыс жүйесін құруға, қазіргі байланыс желілерінің толық мүмкіншілігін қолдана отырып, соңғы тұтынушыларға жеткізуге болатын таржолақты радиорелейлік комплекс. Сонымен қатар бұл комплекс пункттер арасында цифрлы байланыс құра отырып 7 /8 /13 /15 /18 /23 /26 /28 /38 ГГц жұмыстық диапозандарға жұмыс істейді.

Бұндай жүйенің өмірге келуі қазіргі кезде ақпарат тарататын цифрлы қызметке сұраныс артуына байланысты өсіп отыр. PASOLINK комплексі байланыс линиясын құруда, жалпы тасымалдаушысы бар клиенттерге кіріс енгізу үшін, корпоративті байланыс линиясын түзу, жергілікті қалалық және селолық байланыс орнату үшін, сонымен бірге уақытша желіні құру, немесе апат кезінде байланыс линиясын құру үшін кеңінен қолданыс тапты. Бұл кезде телефон және ақпараттарды еркін таратуға болады.

Сурет 2.1 - Диаметрі 0,3 м антенна және сыртқы қондырғы блогы ODU

Сурет 2.2 - IDU, ішкі қондырғы блогы (1+0, 1U – бір блок)
2.2.1 Заманға сай технологияның техникалық

ерекшеліктері



2.2.2 Күшейту коэффициенті жүйесі жоғары
Спектр кеңдігі тиімді әрі жоғары. Жүйенің күшейту коэффициенті жоғарылығы, QPSK технологиясына байланысты қателерді тура түзету, МШУ смесителінің өте сенімділігі (қабылдағыштың сезімталдығы тамаша), QPSK технологиясының таңдауына байланысты спектрді қолдану, пайдалануы жоғары болып есептеледі. Аз размерлі антенналарды қолдану мүмкіншілігі, жүйенің бағасын арзандатады.
2.2.3 Монтаждау қарапайымдылығы және жеңілдігі



2.2.4 Жиіліктерді өзгерту жылдам және іске қосылуы қарапайым



2.2.5 Таратқыш қуатын басқару
0-ден 30 дБ дейін (QPSK) және 24 дБ (16 QАМ) ауыстыру қадамы 1 дБ аралығында реттеу. Тартқыш аттеннатрының тіркелген өшулігі 30дБ тапсырма бойынша тіркелген.
2.2.6 Жүйенің икемділігі және әмбебаптылығы



2.2.7 Техникалық қызмет көрсетулер





      1. Қызметтік арналар


Кесте 2.1 – Қызметтік арналар

  • ·

Барлық бағыттағы қызметтік арналар (OW)



(Қосымша В қара)

IDU–IDU






IDU–ODU






ODU–ODU

  • ·

Цифрлық порт:

64 кбит/с, G.703/V11) немесе 9,6 кбит/с, асинхронды (RS-232C) (1 арна, тапсырыс бойынша)






9,6 кбит/с, асинхронды (RS232C, 422, 485) (1 арна, тапсырыс бойынша )

  • ·

ТЖ порты

0,3 ден 3,4 кГц, (2 арна, тапсырыс бойынша )



немесе цифрлық порт:

9,6 кбит/с, асинхронды (2 арна, тапсырыс бойынша )




      1. Желіні басқару жүйесі







      1. МСЭ-Р, МСЭ-Т және ЕТСИ стандарттарына сәйкес




Сурет 2.3 (а) - конфигурациясы (1+1) PASOLINK сыртқы қондырғы блогының бекітілуі (бір блокпен тармақталатын антенна үшін)



Сурет 2.4 (b) - конфигурациясы (1+1) PASOLINK сыртқы қондырғы блогының бекітілуі (екі антенна)
2.3 Техникалық ақпараттар
Негізгі техникалық ақпараттар 1-кестеге енгізілген. PASOLINK аппаратурасының негізгі техникалық параметрлері.
Кесте 2.1 – PASOLINK аппаратурасының параметрлері


Параметрлер аттары

Техникалық ақпараттар

  1. Жұмыстың жиіліктер диапозандары, ГГц

  2. Бір пролеттің орташа ұзындығы, км

  3. Резервтеу сұлбасы

  4. Бір стволдағы телефондық арналар саны

  5. Ақпараттар тарату жылдамдығы, Мбит/с

  6. Модуляция түрі




14,5-26,5

45

1+1

480

4, 8, 16, 32, 34

16 КАМ



Кесте 2.1 жалғасы


Параметрлер аттары

Техникалық ақпараттар

  1. Дуплексті стволдар

  2. Қабылдағыш шығысындағы шуыл коэффициенті, дБ

  3. Қабылдағыш кірісіндегі сигнал/шуыл қоймасы, дБ

  4. Жұмыс істеу режимі

6
4,5
17,5

сөтке бойы


2.4 Таратқыш құрылымы


Сурет 2.4 - Тартқыштың құрылымдық сұлбасы


Сурет 2.5 – Таратқыштың құрылымдық сұлбасы
Таратқыштың құрылымдық сұлбасы 2.4 - суретте келтірілген. СМІ кірістік сигналы 34 Мбит/с жылдамдықпен синхрондау блогына келіп түседі, сол жерде төрт бинарлы сигналға түрленеді. Сол жерде қателер түзетіледі. (КО). Одан әрі төрт бинарлы сигналдар екі бірқалыпты матрицалар модульдерімен уақытша селекторлары бар (цифрлық сүзгі ЦФ)өңдеу жүргізіледі. Одан кейін сигнал цифрлы аналогты түрлендіргіш (ЦАП) арқылы өткізіліп, төмен жиілікті фильтрден (ФНҮ) өтіп, радиожиілікті модуляторға (РҮМД) түседі, ол жерде фазалық синхрондау жүргізіледі.

РҮМД шығысынан сигнал екі каскадты күшейткішке қуатты көрсететін индикаторы бар түседі, одан әрі жолақтық сүзгі (ПФ) арқылы антенналы-фнуерлі трактігі түседі. Қабылданатын жоғары жиілікті (СВҮ) сигнал үшзвеналы жолақтық сүзгісі бар қабылдағышқа түседі. Сигналдарды қабылдау екі тәсіл арқылы орындалады: кеңістіктік алшақтатылған және алшақтатылмаған. Қабылдау алшақтатылмаған жағдайда сигнал аз шуылды күшейткішке (МШУ) келіп түседі, онда жиіліктің жолақтар деңгейі алшақтатылған басқару блогы көмегімен реттеледі. Содан кейін сигнал радиожиілікті демодулятор (РҮДМД) арқылы өтіп, онда цифрлық эквалайзер көмегімен бақылау жүргізіледі.

Адаптивті корректор қолданғанда қателер ықтималдылығы орта есеппен екі-үш есе артады.

Радиожиілікті демодулятордан кейін жолақтың сүзгі теріс кері байланысты күшейткіші бар, қабылдағыш шығысында деңгей реттегіші бар қосылған. Одан әрі сигнал аналогты-цифрлы түрлендіргішке түседі. Одан кейін төрт бинарлы сигналдар СМІ кодына өңделеді.

Егер сигналдар кеңістіктік алшақтатылған қабылдау көмегімен жүргізілсе, онда қабылдау блогыныңкеңістіктік алшақтатылған жинағышында жинақталады.
2.5 ЦРРЛ интервалдарындағы сигналдардың тынуымен жүргізілетін күрестер тәсілдері
Сигналдардың интерференциялық ЦРРЛ интервалдарында тынумен күресу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

ЦРРЛ интервалдарындағы трассаны жан-жақты таңдау (жер түзулігінен және су бетінен қашу, интервалдар ұзақтығын қысқарту, станция орнатылатын орынды таңдау, антенналар сәуле шағылысуынан туындайтын интервалдардан жойылуы, трассаның зичзакты болуы, станциялар арасындағы антенналар іліну биіктігі әртүрлі шамада болуы). Қосарланған қабылдаудың қолданылуы (қабылдау антенналары биіктігі арасы кеңістікті алшақ немесе жұмыстық жиіліктер алшақтығы).

а) жүйенің энергетикалық потенциялын таратқыш қуатын өсіре отырып және антенналардың эффектілігін Ғ көтеру;

б) антенналардың бағытталған қасиетін қолдана отырып тыну тереңдігін азайту;

в) резервтелген тез қосуды қолдану.

ЦРРЛ интервалдарында сигналдардың тынуымен күрес тәсілдері көбіне тиімді болуы үшін қабылдағыш антенналар биіктігі екі кеңістіктік алшақтатылған қос қабылдағышты қолдану арқылы жүргізіледі.

Екінші көбіне тиімді тәсіл – бөлімдерге бөле отырып қолданылатын резервтілеу. Бұл кезде корреляциялау баяу жүргізіледі.


3 ЦРРЛ пролеттерін есептеу
Радиорелейлік линияны жобалаудан бұрын ең бастысы оның тұратын жерін анықтап алу керек, ол үшін аралық станция санын, трассасын картографиялық материал көмегімен анықтау керек. Бұл жұмысты орындаудан бұрын жобаланатын жоба кейін үзіліссіз жұмыс жасауы, сол сияқты оның құрамын, құнын пайдалану кезінде тиімді болуын мұқият тексеріп алу керек болады.

РРЛ жобалаудан бұрын оның орналасатын трассасын дұрыс орналастыру жағдайы қарастырылады, өйткені жербетіндік станциядан шағылысатын сәуле төмен болуы қажет (яғни әлсіреп тұруы). Сондықтан жер қыртысына көп көңіл бөлу керек, жер беті тегіс және сулы болмауы тиіс, бөлінетін (шағылысатын) сәуле қандай-да бір кедергімен бөлінуі болуы үшін ретранциялық пунктерді дұрыс орналастыру қажет.

Сол үшін, топографиялық картаға қарай отырып жобаланатын жұмыста бір аралық станция және бес соңғы станция Қарқаралы селосы мен Қрағайлы селосы арасында байланыс орнатамыз. Ол үшін бес интервал арасын есептеу керек болады.
3.1 ЦРРЛ пролеттары үшін ақпараттар
Кесте 3.1 - ЦРРЛ пролеттары үшін ақпараттар


Параметр

Өлшем біріліктері, белгілер

Зонаға арналған шамалар

Қарқаралы-РТС

Буркутты- РТС

Бахты- РТС

Томар- РТС

Қарағайлы

РТС

РРЛ пролетының ұзындығы, км

37,1

31,5

24

49

4

Жер қыртысының ең биік шамасына дейін, км

19

15,5

12,5

25

2

Кесте 3.1 жалғасы


Параметр

Өлшем біріліктері, белгілер

Зонаға арналған шамалар

Қарқаралы-РТС

Буркутты- РТС

Бахты- РТС

Томар- РТС

Қарағайлы

РТС

Кедергілер кеңдігі, м

9000

5000

2000

3000

2000

РРЛ жиіліктері



14,51

14,749

15,188

15,582

16,100



15,351

15,911

20,412

23,761

26,136

Антеннала-дың күшейту коэффициен-тері



36

36

36

36

36



36

36

36

36

36

Жүйенің коэффициенті, дБ

113,5

113,5

113,5

113,5

113,5

ПӘК антенналы-фидерлі трактідегі, дБ

26

26

26

26

26

Пролеттер проджлері

MN [M]

CD [M]

ZY [M]

86

60

50

8,5

15

104

72

51

22

4

72

51

24

5

3



3.2 ЦРРЛ пролеттарын Қарқаралы- РТС есептеу
3.2.1 Антенналардың ілінуін есептеу
Радиорелейлік линиялар көмегімен орталық станциялар арасында қосқыш линияларды алу үшін қолданылады. Бұл кезде антенналарды ілу биіктігін жердің қыртысына қарай отырып анықтау, сол сияқты байланыс тұрақтылығын РРЛ пролеттеріндегі есептейміз.

Негізгі есептелген жиынтық 2-кестеде келтірілген қосымша ақпараттар ретінде:

А=6370, км – жер радиусы;

q=-11*10-8, 1/м;
  1   2   3


Учебный материал
© nashaucheba.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации